БҚО-да мектеп директоры оқушыны өгей әкесі зорлағанын жасырды деген күдікке ілінді

БҚО-да мектеп директоры оқушыны өгей әкесі зорлағанын жасырды деген күдікке ілінді

БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілінді. Ол қызметінен босатылып, үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

 

Құқық қорғау органдары оқу орнының басшысы қыздың отбасында болған жағдайды біле тұра хабарламады деп күдіктенеді.

 

Оқиға 2019 жылы болған. Сол кезде 10 жаста болған мектеп–гимназиясының оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Ол үшін қамауға алынды. 2020 жылы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Жақында "МГ" редакциясына мектеп-гимназия директорының туыстары хабарласып, оны қамауға алынғанын және жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан. Тергеушілер мектеп басшысы мен мұғалімдерінен оқушыға зорлық-зомбылық жасалғанын білді және ол туралы құзырлы органдарға хабарламады деп күдіктенеді.

 

Күдіктінің адвокаты Айслу Биялиеваның айтуынша, айыптау тек жәбірленуші қыздың сөзіне негізделген және кез келген мұғалім бұл жағдайға тап болуы мүмкін.

 

"Мектеп директорын демалыс кезінде мектептен тыс уақытта жасалған қылмыс үшін жауапқа тартқалы жатыр. Тергеу барысында қыз 2019 жылдың сәуірінде Жаңғалы мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне анасының азаматтық некедегі күйеуі қысым көрсеткенін хабарлағанын айтты. Полиция директор мен мектеп-гимназияның тағы төрт мұғалімінен жауап алды. Олар қыздың сөздерін толығымен жоққа шығарды. Олар айғақтарын сотта да растады", - деді Айслу Биялиева.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста