Биылғы Жолдау және «Қазақстан халқы» интерактивті картасының этникалық топтардың мәдениетін дамытудағы ықпалы

Биылғы Жолдау және «Қазақстан халқы» интерактивті картасының этникалық топтардың мәдениетін дамытудағы ықпалы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2 қыркүйекте жасаған Жолдауында «Елімізде этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз», - деп көрсетті. Біз полиэтникалық мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, басқа ұлт өкілдерін құрметтеу қанымызға сіңген.

Қазіргі жағдайда тіл мемлекет пен ұлттың негізгі белгісі бола отырып, билікті жүзеге асырудың тиімді құралы болып табылады. Тіл жағдайын реттей отырып, қоғамдағы өмірге және тілдік қауымдастықтар арасындағы қатынастарға ықпал етуге болады. Тілдік қатынастың күрделі екенін ескерсек, оны әлемдік тәжірибе де толық дәлелдейді. Мысалы, Қытайда ХХ ғ. 50-жж. тілге қатысты үлкен реформалар жүрді. Алайда саяси себептерге байланысты бұл реформа 80-жж.ортасында қайтадан жаңғырды. Сондықтан тілдік жағдай қазіргі Қытайда тұрақсыз, ол әлі де қалыптасу үдерісінде. Этносаяси аймақтары күрделі аймақтар: Тибет, Шыңжаң, Ішкі Монғолия және т.б. шекара маңындағы территориялар.

Ресейде де көп ұлттық қоғамдарда тілдік саясат ерекше кұрделі болуымен анықталады. Онда көптеген факторларды есепке алу керек: этникалық топтардың типологиялық сипаттамасы, мемлекетте оларды интеграциялаудың әдістері, ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері, автохтонды тілдің және оны тасымалдаушының қоғамдық-саяси үдерістегі ролі. Демек, тіл саясатын полиэтникалық қоғамда жүргізудің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей маңызды және қажетті. Ол біздің елімізді оптималандыру жағдайында өзекті.

Біздің мемлекетімізде басқа ұлттардың тіліне, мәдениетіне нұқсан келтіру көріністері жоқ. Керісінше, Қазақстан халқы ассамблеясы аясында басқа ұлттардың тілі мен мәдениетін өздері дамыта беруіне еркіндік берлген. Оны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жыл сайын мемлекеттік тапсырманы орындап жатқан «Қазақстан халқы» ғылыми тарихи интерактивті картасы толық дәлелдейді. Бұл жобаның ғылыми жетекшісі институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов З.Е. үш жыл бойы ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі уақытты қамтитын 16 картаны жасатып, онда ежелгі тайпалардың орналасуы, кейіннен басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне қалай қоныстанғанын көрсететін түрлі кестелер, сұлбалар, фотолар, т.б. арқылы қазіргі заманның технологиясына сай интерактивті картаны ұтымды жасап шықты. Жыл сайын бұл карта Қазақстанды мекендейтін ұлттар есебінен толығуда. Биыл 15 ұлт қосылды, барлығы 51 ұлт енгізілген. Карта Қазақстан халқы ассамблеясының сайтына қойылған.

Бұл карта Президент Жолдауында айтылған этникалық топтардың мәдениетін көрсетуде ерекше орын алады. Әр ұлттың Қазақстан территориясына келу тарихы, тілі, діні, шаруашылығы, мәдениеті, киімі, тағамдарына сипаттама берілген. Карта үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын.

Дүние жүзі полиэтникалы Қазақстанның тату-тәтті, ешқандай қақтығыссыз өмір сүріп жатқанына таң қалатыны сөзсіз.

Шамшиденова Факия, тарих ғылымдарының кандидаты,

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының

Жетекші ғылыми қызметкері. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста