Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің логотипін және "Сапа белгісін" әзірлеуге конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті осы ведомствоның логотипін (эмблема) және «Сапа белгісін» әзірлеуге конкурс жариялайды. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті білім және ғылым сапасын басқарудың тиімді ұлттық жүйесін жасауға бағытталған Білім және ғылым сапасын бақылаудың ұлттық жүйесін жаңғыртудың тұжырымдамасын әзірледі. Комитеттің тұжырымдамалық идеологиясын білім мен ғылымның сапасын қоғамдық-кәсіби бағалаудың басым жағдайына кезеңдік ауысу механизмін жасау мен дамыту бағыттарын жетілдіру шаралары аясында тиімді коммуникациялық процестерді, қызметтерін ұсынуда үздік нәтиже көрсеткен білім беру мекемелері үшін Комитет логотипін (эмблема), сондай-ақ «Сапа белгісін» әзірлеу қажеттілігі туындайды. Осыған орай, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің логотипін (эмблема) және «Сапа белгісін» әзірлеуге конкурс жарияланды.

Байқауға жұмыстар 2015 жылдың 25 ақпанына (қоса алғанда) дейін қабылданады. Жеңімпаз құрамына Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енетін сараптама комиссиясының қорытынды отырысында белгілі болады. Байқау қорытындысы Комитеттің ресми сайтында 2015 жылдың 2 наурызында жарияланады.

Логотип пен Белгі ықшамдалған, қазіргі заманға сай, бірегей, Комитеттің жалпы тұжырымдамасын білдіретін, сондай-ақ түрлі-түсті және ақ-қара нұсқасында айқын көрінетін болуы қажет. Конкурс жеңімпазына ноутбук, сондай-ақ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Құрмет грамотасы тапсырылады, деп хабарланған ведомствоның сайтында.

inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста