Білім ошағында өткен «Ашық есік күні»

Білім ошағында өткен «Ашық есік күні»

Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей, шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде шетелдік жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді.

«Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе – білім», - деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, жер жүзінің әр түкпірінен келген жүздері, тілдері басқа болғанымен білім мен өнерге құштар, тілектері бір шетелдік жастар кафедрада білім алып жатыр.

Әр адам өз өмірінде болашақ тағдырын айқындайтын бірнеше түйінді шешімдерді қабылдауы тиіс. Талапкерлермен белсенді жұмыс істеу әдістерінің бірі – Ашық есік күнін өткізу.

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен "Ашық есік күні" болып өтті. Іс-шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім-мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, оқушылар шақырылды.

Бұл шараның мақсаты – болашақ талапкерлерді университетпен, факультетпен, кафедрамен таныстырып, болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сонымен қатар жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту. Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек, педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Олар әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне тіл меңгертіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ата тарихын үйретуде. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтерілуде.

Міне, осындай кәсіби әрі білім беру әлемінде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп білім беретін орта - кафедра. Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, көптеген шетелдік азаматтардың білімін көтеріп, қияға самғатты. Бұл ашық есік күні кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.

Шараны факультет деканы Ж.Е. Жаппасов салтанатты түрде ашып, қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы және жоғары оқу орнымызда білім алу келешегі туралы айтты және факультет тарихынан бастап күні бүгінге дейінгі жетістіктерін айтып, факультеттің бүгінгі таңдағы орны мен маңыздылығына тоқталып өтті. Факультет басшысы сондай-ақ, мамандық таңдау болашағын айқындайтын жауапты іс екендігін атап өтіп, дұрыс таңдау жасауларына тілектестігін білдірді. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева ашық есік күніне арналған кіріспе сөз сөйледі.

Г.Қ. Ихсангалиева өз сөзінде кафедра туралы, оқу үдерісін, студенттік өмірді ұйымдастыру жайында мәліметтермен таныстырды және басқа да көптеген сұрақтарды талқылады.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең жетекші факультеттерінің бірі болып табылады. Факультет – тек тіл үйретіп қана қоймай, халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін шетелдік азаматтар бойына сіңіретін орта. Шетел азаматтарына ата-бабадан қалған өшпес мұраны дәріптеп, мол қазынамен таныстыру – факультет міндеті.

Факультетте өткізілетін олимпиадалар, пікірталастар және басқа да көптеген іс-шаралар туралы мәліметтер шетелдік талапкерлердің университетпен тікелей танысуына ықпал етті.
Өз кезегінде тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарына тұщымды жауап алып, университеттің мүмкіндіктері мен аталмыш факультет жайында толыққанды ақпарат алды. Тыңдаушыларға сондай-ақ, факультет және кафедра туралы ақпараттық буклеттер таратылды.

Факультетпен, жалпы университетпен таныстыру шарасы акт залында қорытынды мерекелік кешке ұласты. «Ашық есік күні» аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама «Тілдер және мәдениет фестивалі!» атты тақырыпта өтті.

Концерттік бағдарламаға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Филиппин, Германия, Испания, Швейцария, Жапония, Вьетнам және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттер қатысты. Бұл концерттік іс-шарада шетелдік студенттер ән орындап, би билеп, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.

Сонымен қатар, факультет туралы, нақтылап айтқанда, Қазақстандағы шетелдік азаматтарға арналған ең алғашқы факультет туралы бейне түсірілім көрермендердің назарына ұсынылды.
Кафедраның және факультеттің тарихы туралы, факультеттегі өздерінің білім алу үдерісі туралы айтылатын бейне түсірілімді шетелдік студенттер дайындаған.

Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты. Шара соңында келген қонақтар факультеттің көп жылдық тарихынан сыр шертетін мұражайды аралап, қонақтарға арналған қолтаңба журналына өз лебіздері мен алғыстарын жазып қалдырды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Ж.Е. Жаппасов., А.Е. Саденова.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста