Білім министрлігі оқушылардың жүктемесін азайтты
Қазақстанның білім министрлігі мектептердің 34 апталық оқу жылына қайта оралуына байланысты типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер дайындады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда тамыз конференциясында вице-премьер Тамара Дүйсенова білім министрлігінің асығыс шешім қабылдағанын айтты. Ол 34 апталық оқу жылына оралып, оны 25 мамырда аяқтауды ұсынды.
Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА сайтында жарияланған.
Нәтижесінде бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сағаттары 114-тен 102 сағатқа дейін азайды.
"1-4 сыныптар үшін еңбекке баулу бұрын бекітілген 35 сағаттың орнына жылына 33 сағат болады. 7-9 сынып оқушыларына арналған алгебра 108 сағаттың орнына 102 сағат, геометрия 72 сағаттың орнына 68 сағат, химия мен география да жылына 68 сағат болады. 5-9 сыныптар үшін информатика - 36 сағаттың орнына 34 сағат, Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінеді. 5-9 сыныптар үшін дене шынықтыруға 108 емес, 102 сағат беріледі", - делінген түсіндірме жазбада.
36 апталық оқу жылына көшу қажетті қосымша дайындықты талап етеді, деп аталып өткен құжатта.
2023-2024 оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін жалғасады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz