Белгілі қазақстандық ғалым Зейнолла Самашев Өскеменде жас археологтар мектебін ашады

Белгілі қазақстандық ғалым Зейнолла Самашев Өскеменде жас археологтар мектебін ашады

Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры Зейнолла Самашев Өскеменнің мектеп оқушылары мен ұстаздарымен кездесті, онда өзінің жас археологтар мектебін ашу идеясымен бөлісті.

Кездесу «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығында өтті. Шараны аталған орталық пен Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, халықаралық қатынастар және құқық факультеттері бірлесіп дайындады.

Белгілі қазақстандық археолог Қазақстанның тарихи ғылымындағы археологияның рөлі мен мәні туралы дәріс оқыды, содан кейін мектеп құру ісін егжей-тегжейлі баяндады.

Оның айтуынша, жарғы ереже, эмблема дайындау қажет. Мектеп оқушылары теориялық білім алып, практикаға шығады. Олардың кейіннен мамандық ретінде археология саласын таңдауы әбден мүмкін.

Мектепті ашу идеясын балалар ерекше көңілмен қабылдады. Ежелгі сақ көмбелері - атақты Берел қорғандарын ашқан танымал Зейнолла Самашевтың басшылығымен археологиялық экспедицияға қатысу мүкіндігі олардың қызығушылығын оятты, деп хабарлады ШҚМУ баспасөз қызметінен.

inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста