Балабақша есепшісі 14 млн теңгені жымқырды

Павлодар қаласында балабақша есепшісі ұйымға азық-түлік жеткізушілермен есеп айырысуға және қызметкерлерге жалақы төлеуге арналған қаражатты өзінің және туысының банк карточкасына аударып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ақсу қаласындағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін есепшінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады», - деп хабарлады Павлодар облысы ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық есеп аудиті бөлімінің бас маманы Қуаныш Исеев.

 

Департамент бөлімінің басшысы Анар Мұратованың мәліметінше, аудит өтініш негізінде өткізілген.

 

«Аудит кезінде кәсіпорын есепшісінің ұйымға азық-түлік жеткізушілермен есеп айырысуға және қызметкерлерге жалақы төлеуге арналған қаражатты өзінің және туысының банк карточкаларына негізсіз аударғаны белгілі болды», - деп атап өтті Қ.Исеев.

 

Есепшінің 2020 жылы ұрлаған бюджет қаражатының жалпы сомасы 14 миллионға жуық теңгені құрады.

 

Аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста