Балабақша ашқан жеке кәсіпкерлер ауадан ақша жасаудың жолын тапқан

Балабақша ашқан жеке кәсіпкерлер ауадан ақша жасаудың жолын тапқан

Оралдағы кейбір жеке балабақшалардың иелері ауадан ақша жасап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Олар бақшаға келетін бөбектердің санын асыра жазып, мемлекет қаржысын қалтаға басатын көрінеді. Әр балаға 45 605 теңге бөлінеді, әрі қарай есептей беріңіз. Бала тәрбиесі бизнеске айналған ба дейсің! Ал қалада жасы беске толмаған 6800 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.

 

Қанағат Қарабалин жеке балабақша ашу үшін біраз әуреге түсіпті. Сол кезде бұл істің де табысты бизнеске айналғанына көз жеткізген. Өйткені кәсіпкерлер бала санын көбейтіп жазғаны аздай, есепте жоқ адамды жұмысқа алып, мемлекетті сауын сиырға айналдырған.

 

Қанағат ҚАРАБАЛИН, КӘСІПКЕР:

 

- Бірінші тәрбиешілерді заңсыз алады. 3 квадратурадан келу керек қой бір балаға. Олар баланың квадратурасын шектейді де, 50 шақты бала болатын болса, олар 70 бала деп санпинмен жаздыртып алады. Жоқ баланы көрсетіп, сол кезде манағы үкіметтің қаржысын заңсыз пайдаланып, өздерінің мақсатында жұмсап отыр. Біздерге ақша жоқ дейді. Ақша қайда кетіп жатыр қазір мемлекеттің қаржысы? Осындай нәрселерге кетіп жатыр.

 

Ал шенеуніктер жеке балабақшаларға сөзіміз жүрмейді дейді. Өйткені бизнесті тексеруге жарияланған мораторий мерзімі әлі біткен жоқ.

 

Эльмира Игилова, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЭКОНОМИСІ:

 

- Біздерге жеке балабақшалар есеп тапсырмайды. Бірақ жаңағыдай олар ай сайын электронды табель толтырады. Сол табельді біздер білім беру деректері арқылы сәйкестендіріп, нақты келген баланың санына байланысты қаржыландырып отырамыз.

 

Оралдағы 150-ден астам балабақшаның үштен екісі жекенің меншігінде. Бұл мекемелерде 18 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.

 

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

 

- Кәсіпкердің айтуынша, орташа есеппен 10 баланы қосып жазған әр балабақшаның ай сайынғы көлденең табысы 500 мың теңгеге жуықтайды. Егер осы тәсілмен есептесек, қаладағы жеке балабақшалардың жылдық табысы 500 миллион теңгеден де асып кетеді. Бұл еліміздегі ортанқол ауылдың бюджетінен де көп.

 

Күйінген кәсіпкер құзырлы органдарға шағымданыпты. Осы арызды тексерген ішкі мемлекеттік аудит департаменті расымен де заң бұзылып, қазына қаржысы қолды болғанын анықтаған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста