Аз демалып, көп оқимыз

Аз демалып, көп оқимыз

Елімізде оқушылардың демалыс уақыты өзгеретін болды. Оқу-ағарту министрлігі сарапшылармен ақылдаса келе, 1 қыркүйектегі Білім күнімен басталатын оқу жылы 31 мамырда аяқталуы мүмкін екенін хабарлады. Сонымен бірге тоқсана­ра­лық, күзгі, көктемгі, қысқы демалыстардың да мер­зімі азайды. Оқушылардың каникулына қатысты өз­ге­рістер жаңа оқу жылынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Каникулды қысқарту қайдан шықты?

Маусым айының соңында са­рапшылар педагогикалық ұжым­дарға дөңгелек үстел өткізді. Тал­қылау нәтижесінде Үкіметке 2022-2023 оқу жылынан бастап оқушылардың демалыс күндерін қысқартып, соның есебінен оқу жы­лын ұзарту туралы ұсыныс жа­салды. Бастамашыл топ бірнеше дәйек-дәлелді алға тартты. Бірін­шіден, осының арқасында күн са­йынғы оқу жүктемесі азаяды. Әйт­песе, балалар күніне 7-8 са­бақ­қа қатысуға мәжбүр. Ал лицей-гимназияларда 9 сабаққа дейін ба­рады. Әсіресе, үш ауысымды мек­­тептерде қиын: соңғы ауысым­нан балалар қас қарайғанда – 21.00-де қайтады. Бұл – балалар­дың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Әрі денсаулығына зиян.

Екіншіден, оқу жылын ұзарту мектеп бағдарламасына заман талап еткен қосымша пәндерді ен­гізуге жол ашады. Ғалымдар, са­рапшылар бала кезден діни, қар­жылық және басқа салаларда ба­лалар мен жасөспірімдердің сауа­тын ашуды, кәсіпкерлік негіз­деріне үйретуді, бұл үшін тиісті пәндерді мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды. Оқушылар ара­сында мемлекеттік тілдің қолда­ны­сын кеңейту үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің сағатын арт­тыру қажет. Бірақ оқу бағдар­ла­масының шектен тыс жүктелуі бұған мүмкіндік бермейді.

Үшіншіден, оқу жылын ұзарту қазақ тілі, математика, физика, хи­мия, биология сияқты пәндер­дегі күрделі тақырыптарға көбірек сағат бөлуге, оралып, қайталауға мүмкіндік беретін көрінеді. Қазір оның бәрі үстірт оқылады, мыса­лы, қазақ тілінен кейде 2 тақырып­ты бір сабақта оқиды. Төртіншіден, сарапшылар ұзақ демалу бары­сында оқушылар жыл бойы өткен тақырыптарды ұмытып қалады деп отыр. Ал жазғы демалыс уақыты азайтылса, шәкірттер білгенінен жаңыла қоймайды. Бастама автор­лары Қазақстанда оқу жылының тым аз екенін және 34 аптаға ғана созылатынын, ал каникул әлемдегі ең ұзағы саналатынын айтады. Біз­дің мектеп оқушылар жыл ішін­де 130 күн демалады. Салыстырсақ, Израилде каникулдың ұзақтығы 84 күнге, Оңтүстік Кореяда 90 күнге, ал Жапонияда 102 күнге созылады.

«Оқу жылы 20-25 тамызда бас­талуы керек деп санаймын. Өйт­кені олар екі аптадай оқу процесі­не кірісе алмай қиналады. Біз министрлікке оқу жылын 20 не 25 тамызда бастауды және оқуды кем дегенде 5 маусымға дейін жал­ғастыруды ұсындық», – деді «Әді­лет» орта және мектепке дейінгі білім беру республикалық қауым­дастығының төрағасы Динара Құдайқұлова.

Таяқтың екінші ұшы

Қарсы тарап та салмақты дә­йектемелерді келтірді. Біріншіден, каникулды күрт қысқартқанның өзінде күн сайынғы оқу жүктемесі көп жеңілдемейді. Демек, үш ауысымнан құтылу үшін жаңа мек­теп, қосалқы ғимараттар салған жөн. Екіншіден, жазғы каникул кезінде көптеген педагог кәсіби дамуға, біліктілігін арттыруға, шет­елде курстардан өтуге, сая­хаттауға арнайды. Ал демалыстың күндері қысқарса, мұның бәрінен бас тартуға тура келуі мүмкін.

Үшіншіден, ата-аналар балала­рын жазғы демалыста спорт сек­циялары мен шығармашылық үйірмелерге береді. «Артспорт» жобасы арқылы мемлекет осыған мүмкіндік ұсынды. Оқу кезінде балалар қатты шаршайтындықтан көбіне өз дарынын ұштауға, әле­уетін дамытуға уақыт пен күш таба бермейді. Төртінші дәлел – мек­тептер кондиционерлермен, су дис­пенсерлерімен жабдық­тал­маған.

«Тек ауылдарда ғана емес, қалаларда да көптеген ата-ананы осы жайт қатты алаңдатады. Бұл жерде климаттық жағдайларды ес­керу қажет. Жаһандық жылыну сал­дарынан аптап ыстық көктемде басталады. Мамырда ауа темпе­ра­турасы +30 градусқа дейін көте­ріледі. Ал сыныптар кондицио­нерлермен жабдықталмаған.

Оқуды маусым айына дейін созса, балалардың оқуға деген ықылас-ынтасын жойып аламыз. Егер балалардың білім сапасы құлдыраса, онда бағдарламаны өзгерту, пәндерді оңтайландыру, оқулықтарды өзгерту керек», – дейді ата-аналар белсендісі Мария Романенко.

Оның үстіне, балалар дема­лысты зарыға күтеді. Бұл оларға бой жазып, көңіл серігетін мезгіл.
«Оқу жылын ұзарту балалардың заманауи мәселелерін ушықтырып жібереді. Демалыс уақыты азайса, суицид көрсеткіші де күрт артуы мүм­кін. Бұған қоса, мектеп қабыр­ға­сындағы ақша, құнды заттарды боп­салау, арандату, зорлау сияқты қылмыстар артуы ықтимал. Менің немерем бар, ол ұзақ оқуды қала­майды. Жақсы оқиды, бірақ де­ма­лысты қалай өткізуге қатысты нақ­ты жоспары бар. Президентіміз де ба­лалардың мектепті ерте тастап ке­тетініне назар аудартты ғой», – деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Жазғы демалыс 1 маусымнан басталады

Сонымен, тараптардың дәйек-дәлелдерін таразы басына тең тарта келе, Оқу-ағарту министрлігі ортадан шығатын шешім қабыл­дағанға ұқсайды. Ведомствоның Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті «Орта білім беру ұйым­дарында 2022–2023 оқу жы­лының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» министр бұйрығының жобасын қоғамдық талқылауға шы­ғарды. Онда меншік нысанына және ведомстволық бағыныс­ты­лығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылының бас­талуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің келесі мерзімдері айқындалған: біріншіден, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

Екіншіден, жаңа оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда 35 оқу ап­тасын құрайды. Ал 2-11 және 12 сыныптарда 36 оқу аптасына созы­лады. Салыстырсақ, алдыңғы оқу жылы 1 сыныптарда 33 оқу апта­сы­на, ал 2-12 сыныптарда 34 оқу аптасына созылған еді.

Үшіншіден, оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері былайша бел­гі­ленбек: барлық сыныпта күзгі ка­никул – 7 күнді құрайды және 2022 жылғы 31 қазаннан 6 қараша ара­лығында созылады. Қысқы каникул – 9 күн: 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаң­тар аралы­ғында. Көктемгі каникул – 9 күнді: 2023 жылғы 18–26 наурыз аралығын қамтиды. Осы­лай­ша, тоқсанаралық демалыс күн­дерінің саны өткен оқу жы­лы­мен салыстырғанда 12 күнге дейін азайып отыр.

Оқу-ағарту министрлігі ең бастысы оқу жылының 36 аптаға созылуы оқушылардың жазғы демалысына көп әсер етпейтініне назар аударды. Балалар енді 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін демалады.

– Сарапшылар оқу жылын 20 тамызда бастап, маусым айының соңына дейін ұзарту мәселесін қа­растыруды сұрап, министрлікке талай жүгінген. Өйткені 5 күндік оқу аптасына көшкелі оқу күнде­рі­нің жалпы саны бірден 34 күнге азайып қалды. Нәтижесінде, Қа­зақ­станда оқу күндерінің жалпы саны шамамен 150 күнді құрайды. Ал дамыған елдерде ол – 200 күн­дей. Сарапшылар қосымша оқу апталарының қосылуы арқасында күн сайынғы сабақтар саны азая­тынын атап өтті. Тиісінше, оқу­­шы­ның да, педагогтің де оқу жүктемесі кемиді. Аптасына 6 күн оқып жатқан мектептер енді бес күндікке көше алады. Бұл педагогтердің жұмыс тиімділігін арттырып, оқу­шылардың өткен материалдарды игеруін жақсартады, – дейді ми­нистр Асхат Аймағамбетов.

Ол IV тоқсанды 20-25 мау­сымға дейін созу туралы ұсы­ныс­тың біраз жылдан бері дүркін-дүркін көте­ріліп келе жатқанын мәлім етті.

«Сарапшылар көп жылдан бері дабыл қағып жатыр. Жазғы дема­лыс ұзаққа созылса балалар ермек таппай, компьютер-смартфондағы ойындарға бар уақытын сарп етеді. Ал шетелдегі құрбы-құрдастары бұл кезде оқуын жалғастырады. Осыған орай, біз жұмыс тобын құ­рып, оған ғалымдарды, психо­лог­тарды, ата-аналар мен ұстаздар­ды тарттық. Халықаралық тәжіри­бе зерттелді. Жұмыс тобы сарап­шылардың ұсынысын қолдамай тастады және балама ұсыныс енгізді: біріншіден, оқу жылының басталуы межесін өзгертпей, үй­реншікті 1 қыркүйекте қалдыр­ған жөн. Екіншіден, оқу жылын 31 ма­мырға дейін ұзартуға бола­ды. Сөйтіп, балалардың каникул­ға шығу уақыты тек 5 күнге жыл­жиды. Яғни, балалар жаздың ал­ғашқы күнінен демала бастай­ды», – деді министр.

А.Аймағамбетов оқу апта­ла­рының санын ұзартумен шектел­мей, оқу процесін басқа да тәсіл­дермен жетілдіруге уәде етті. Осы мақсатта жалпы оқу жүктемесі қайта қаралып, азайтылмақ, оқу бағдарламалары жақсартылады, педагогтердің біліктілігі артты­ры­лады, өзге де шаралар қабыл­да­на­ды. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап, мектептердегі апталық оқу жүктемесін төмендету жоспар­ланған.

Жалпы, Германия, Англия, Жа­понияда жазғы демалыс 7 апта­ны, Польша, Қытай, Оңтүстік Кореяда 7-9 аптаны, Финляндия, Венгрия, Швецияда 9-11 аптаны, Латвия, Италия, Португалияда – 11 аптаны құрайды. Ал Қазақ­стан­да енді 14-тен 13 аптаға азаяды.

Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың түсінді­руін­ше, оқу апталарын 34-тен 36-ға ұлғайту мәжбүрліктен туындаған шара. Себебі оқу жылында шама­мен 10 күнді мерекелер алып қоя­ды: олар 34 аптадан шегеріледі. Ал мектептер білім берудің мемле­кет­тік стандартын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауы шарт. Содан мерекелік күндердің жүктемесі өзге күндерге ауысады. Сондықтан министрлік «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындыр­майтын» тәсілді тауып, демалыс күндері көп қысқартпай, оқу ап­та­ларын ұзарту тәсілін таңдады. Ве­домство бір күнде 7-9 сабақ оқу балалардың денсаулығына, тұлға­лық қалыптасуына зиян келті­ретінін айтып, енді ол жүктеме 5, ал жоғарғы сыныптарда – 6 са­баққа дейін азаятындығына сен­дір­ді. Мұны әрине, уақыт көрсетеді.

Елдос СЕНБАЙ

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста