Ахмет Ясауи университеті жас дарындарға грант үлестірді

Ахмет Ясауи университеті жас дарындарға грант үлестірді

24-сәуір күні Қожа Ахмет Ясауи атындығы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Мектеп оқушыларының IХ аймақтық «Ақ қауырсын» шығарма бәйгесі өтті.

Дәстүрлі дарынды балаларға арналған шығармашылық бәйге осымен 9-шы рет өтіп отыр. Бүгінге дейін қаншама жас шығармагерлерге іздеу салған бұл бәйгенің артықшылығы - нағыз талантқа білім грантын ұсынатындығында. 5В050400-Журналистика мамандығы бойынша 2 Түркия гранты үлестірілген аталмыш шығарма бәйгесіне Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылыстарынан 700-ге тарта 11-сынып оқушылары қатысқан. Осы таланттардың ішінен іріктеліп ақтық сынға 15 оқушы жолдама алды.
Ақтық сында өңірге белгілі журналистер төрелік етті. Олар - Суханберді Оразалыұлы – «Оңтүстік Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, Қайрат Зайнышев - «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Кентау және Түркістан өңірі бойынша меншікті тілшісі. Сондай-ақ, университет әлеуметтік және мәдени істер департаменті директоры Ләззәт Есентаева.
Сонымен, қаншама жас таланттың үмітіне айналған бәйге - грант иегерлері де анықталды. Алуа Тұрсынхан - Бас жүлде және Грант сертификаты ОҚО, Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы №14 мектептің оқушысы, Нұрбол Нышанбай - 1-орын және Грант сертификаты ОҚО, Түлкібас ауданы, С.Бреусов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы.
Ал, Маржан Әшірапбаева, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №158 орта мектептің оқушысы 2-орын және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің арнайы жүлдесін иеленсе, Ардақ Батырбек, ОҚО, Арыс қаласы, Әуезов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы 2-орын жүлдегері атанды.
Жүлделі 3-орын иегерлері - Әйкен Жақып, ОҚО, Мақтаарал ауданы, №21 Гагарин атындағы жалпы орта мектептің оқушысы, Жамила Сүгірәлі, ОҚО, Қазығұрт ауданы, «Комсомол» орта мектебінің оқушысы, Битөре Таубай, ОҚО, Төлеби ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы.
Поэзия Бекпатшаева, ОҚО, Түркістан қаласы, Абай атындағы №31 мектептің оқушысы «Оңтүстік Қазақстан» газетінің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Университет вице-президенттері Мұстафа Нұрсой мен Бақытжан Мұхамеджанов бәйгеге қатысушылар мен жеңімпаздарға құттықтау сөздерін айтып, сәттіліктер тілей отырып оқу орнының 5В050400-Журналистика мамандығында тегін білім алу үшін құқық беретін 2 орын Түркия грантының арнайы сертификаттарын табыстады.
Сондай-ақ, оқушылардың жетекшілеріне де сертификаттар берілді.
Талантымен талайларды тамсандыра алатын жас өрендердің үмітіне шамшырақ болған «Ақ қауырсын» шығармашылық бәйгесінің идеялық авторы ҚР мәдениет қайраткері, ХҚТУ профессоры Бекжігіт Сердәлі.

Асқат Сәдібеков,
университет баспасөз қызметінің жетекшісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста