Ата-аналар Binom мектебіне таңғы 5-тен кезекте тұрған

Ата-аналар Binom мектебіне таңғы 5-тен кезекте тұрған

Таңғы бестен бастап адамдар баласын 1-сыныпқа түсіру үшін кезекте тұрды. Алайда құжаттарды қабылдау басталғаннан бірнеше минут өткен соң мектепке орын жоқ екені айтылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ашуланған астаналықтар әкімдік пен мектеп әкімшілігінен оқу орнының тез толтырылуына не себеп болғанын және оқуға түсушілер арасында кезектің неліктен ашық өтпегенін анықтауды талап етуде. Кейбір тұрғындар пәтерін сатып, бесінші Binom мектебі ашылатын ауданда жаңа баспана алған. Бірақ бұл ауданда тіркелгеніне қарамастан, адамдар құжаттарын тапсыра алмады.

 

"Біз таңғы бестен бастап кезекке тұрдық. Біз мұнда күн астында тұрмыз, бізді тіпті мектеп ауласына кіргізбейді. Біз үшін орындықтар да қойылмады", - деп бөлісті тұрғындардың бірі.

 

Білім ғимаратының өкілдері мектепке құжатты онлайн режимінде сәуірден бастап қабылдау жүріп жатқанын түсіндірді. Сол кезде мектептің негізгі контингенті қабылданған. Офлайн өтінімдер бойынша орындар саны санаулы минутта жабылды, өйткені мектепте оқығысы келетіндер көп.

 

Айта кетері, биыл сәуір айының басынан бастап құжаттар негізінен электронды форматта қабылдана бастаған. Жақын жерде тұратындар да, елорданың басқа аудандарының тұрғындары да Binom мектептерінде оқи алады.

 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында төрт Binom мектебі жұмыс істейді. Бесінші мектеп биыл қыркүйек айында ("Зәм-Зәм" тұрғын үй кешені жанында) есігін ашады. Мектептер 4 мың оқушыға есептелген.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста