Асқар Жұмаділдә х!+1=y2 теңдеуін дұрыс шешкен адамға 360 000 теңге сыйақы тағайындады

Қазақстандық академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын балаларға теңдеу жасырып, теңдеуді дұрыс шешкен адамға $1000 АҚШ долларын беретінін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақпан айында мектеп оқу­шы­ларына арналған «Ал­го­рифм» жур­налының биылғы бірінші нө­мірі жарық көрген болатын. Бұл басылымның бас редакторы әрі құрылтайшысы – Айман Өтешова.

Екі айда бір шығатын жаңа журналда академик Асқар Жұ­маділдаевтың 60 жылдығына орай сұхбаты және 35 «Алтын белгі» шығарған Оңтүстік Қазақ­стан облысындағы Мақтаарал ауданының Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы туралы мақала берілген. Онда аталған мектеп директоры Өмірхан Қозыбақтың қызықты оқыту әдістемелері мен академик Асқар Жұмаділдаевтың есеп-жұмбағы, ерлікке пара-пар еңбектері жан-жақты ашыл­ған.

Сонымен қоса, физика және математика тақырыптарына ар­нал­ған қызықты мақалалар бар. Сүйсінетін жайт – осы басылымда академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын бала­ларға теңдеу жасырып отыр. Ғалымның журналға берген сұхбатында мынадай жолдар бар.

– Балаларға қандай қы­зықты сұрағыңыз бар?

– Сұрақ көп. Мысалы х!+1=y2. Осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек. Екі шешімін айтып берейін. х=4, y=5, x! =24. 24+1=25. Тағы бір шешімі, x=5, y=11, 5!+1=120+1=121. Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға $1000 сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый­лық болар еді. Осы есептің жауабын бірін­ші болып шығарған оқу­шы «Ал­горифм» журналы редакция­сына жазылу түбір­тегімен қоса хабарлассын, деп­ті академик.
 bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста