Әскери борышын өтегендер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады

Әскери борышын өтегендер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады

Биыл күз айларынан бастап әскерге барған кез келген азамат Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір әртүрлі жоғары оқу орындарынан 3 мыңнан астам тегін орын бөлінді. Оны ұтып алу үшін 15 мың сарбаз арнайы іріктеуден өтеді. Жобаны Қорғаныс министрлігі ұсынды. Ведомство өкілдері университет пен институттар тарапынан қолдаудың барын айтты. Әскерде өзін үздік жауынгер ретінде көрсете білген жас жігіттер ЖОО есебінен тегін оқиды. Отан алдындағы борышын өтеу кезінде жоғары нәтиже көрсете алмағандар ҰБТ-сыз ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік алады.

"Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасын бүкіл ел бойынша 70-тен астам ЖОО қолдады. Олармен мерзімді әскери қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жоғары нәтиже көрсеткен азаматтарға білім алуға 100% жеңілдік беру келісімдерге қол қойылды", - деді  ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары Бегім Нұрмаханов.

Іріктеу 4 әдіспен жүзеге асырылады. Сарбаздың жауынгерлік даярлық деңгейі, жеке тәртібі, кезекшілік кезіндегі міндеттерін орындау көрсеткіші және психологиялық жай-күйі бағаланады. Артынша әр сарбаздың рейтингі жасалады. Бұл жобаға мемлекет қаржысы кетпейді. Шығынды университеттер өтейді. Бірақ бұл жеңілдік мемлекеттік грант болмағандықтан шәкіртақы берілмейді.

«Хабар 24».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста