«Алтын белгі» үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтіледі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы қол қойды. Енді «Алтын белгі» алу талаптары айтарлықтай күшейтілді. Бұл туралы БҒМ басшысы өзінің Telegram каналында жазды.

«Келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады», – деп хабарлады ол.
Сондай-ақ, талапкерлер Назарбаев зияткерлік мектебі базасында математика пәнінен емтихан тапсыруы керек. Министрдің сөзінше бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданған.

«Бұл ретте тапсырмалар НЗМ-ге емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындаарға да тапсырмалар бірдей болады» – деп атап өтті министр.
Аймағамбетовтың айтуынша, былтыр «Алтын белгі» алған түлектер саны рекордтық деңгейге жеткен. Алайда ол түлектердің біршама бөлігі ҰБТ-дан төмен балл алған. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді.

«Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектептерінде тапсырады. Сондай-ақ белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді» – деп түсіндірді министр.
Аталған нормалар келесі жылдан бастап күшіне енетініне қарамастан, биыл ҰБТ нәтижелері бойынша «үздік» белгісін берудің объективтілігі бағаланатын болады. Министр осыған орай мектеп әкімшіліктері, білім бөлімдері мен басқармалары қорытынды емтихандарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста