Абай атындағы университеттің 3 мыңнан астам студентіне жатақхана керек. Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті хабарлады.
Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 10 780-і сырттан қатынайды. Жалпы 3 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж.
Жоғары оқу орнының 1397 төсекке арналған 5 жатақханасы бар. Бүгінгі күні онда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес тек 1-курстың 814 студенті тұрады.
Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында университет 327 орынға арналған жатақхана салуды жоспарлап отыр.