Алматы қаласына -1000 жыл: қаланың тарихы және бүгіні

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында «Алматы қаласына - 1000 жыл!» мемлекеттік мерекесіне орай арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел «Алматы қаласына -1000 жыл: қаланың тарихы және бүгінгі күні!» атты тақырыпта өтті. 

Дөңгелек үстелге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде сөз алған шетелдік студенттер барлық ұлттардың қызығушылығын біріктіретін Алматының бүгінгі көрінісі, мәдени-саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті. Сонымен қатар, бұл мейрам Алматы қаласының жарқын көрінісі екендігін, сондай-ақ, әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады.
Одан кейін шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А.К. Ахмедова сөз алып, баяндамасымен таныстырды. Ол биыл Алматы - «ТМД елдерінің мәдени астанасы» атанғанын, Алатау баурайының етегінде орналасқан әсем қала - өркен жайған өнер, көркем мәдениет пен өрелі өркениеттің ордасы екенін, алып шаһарда қазір 2 миллионға жуық халық тұратынын, еліміздің мәдени ошағы - Алматы қаласына -1000 жыл толып отырғаны туралы айтып өтті.


Осы кафедраның аға оқытушысы Д.С. Толмачева өз сөзінде Алматы – егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы – Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық-экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.
Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы Алматы қаласының мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы – шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.
«Алматы қаласына -1000 жыл: қаланың тарихы және бүгінгі күні!» - мемлекеттік мерекесіне арналған дөңгелек үстел ғылыми-рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен мәдени диалог түрінде жоғары деңгейде өтті.

А.Е. Саденова., А.К. Ахмедова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста