Әлия мен Мәншүк туралы мультфильм 9 мамырда жарыққа шығады

Шығыстың қос шынары, қас майданда кеудесін жау оғына тосқан қазақтың батыр қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншік Мәметова туралы «Тағдыр» атты анимациялық фильм түсіріліп жатыр. Туындыны көрермендер 9 мамырдан бастап тамашалай алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров мәлім етті, деп "Алаш айнасы" порталы Bnews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы мен мерекелік шаралардың дайындығына баса назар бөледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық барысы бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, 22 сәуір күні министрлік «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» деп аталатын ардагерлер ұйымдарының республикалық фестивалін қорытындылап, гала-концерт өткізеді. 7 мамырда Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт өткіземіз. Жеңістің 70 жылдығына орай 2014 жылы түсіріле бастаған «Анаға апарар жол» атты көркем фильм де биыл дайын болуы керек»,-деді вице-министр.

Ғ.Ахмедияров атап өткендей, 9 мамыр күні қазақ елі шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүк туралы анимациялық фильмді тамашалай алады.

«Қазір Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы «Тағдыр» атты анимациялық фильмді түсіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туынды 9 мамыр күні көрермендерге жол тартады», - деп толықтырды вице-министр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста