Батыс Қазақстан облысында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оныншы сынып оқушысын аяусыз ұрып тастаған. Тіпті жеткіншек жағдайының күрт төмендегені соншалық, жедел түрде консилиум құрған облыстық балалар аурухананың дәрігерлері балаға ота жасаған. Дәрігерлердің айтуынша, Еділ Мақсотовтың соққыдан оң жақ аталық безі езіліп кеткен.
ФЛЮРА САМАТОВА, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Аталық безіне зақым келген. Бұл ұрпақ өрбітуіне де әсерін тигізбей қоймайды.
Жаға ұстатар жағдай Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданының Қараоба ауылында болған. Еділ Мақсотовтың әкесі Олжастың айтуынша, баласы футбол ойнауға кеткен. Артынша білгенім, мас болған мектептің тарих пәнінің мұғалімі баламды алаңға жібермей қойған екен, -дейді. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі сол жерде ұлымды аяусыз ұрып тастағанын естідім,-дейді. Айта кету керек, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін азамат 25 жаста. Сондай-ақ, қазір оқиғаға тарих пәні мұғалімінің қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.
ОЛЖАС СҮНДЕТОВ, Едім Мақсотовтың әкесі:
- Білмеймін, қандай айуандық жұмыртқадан тебу деген. Түсінбеймін. Мен күттім. Бір апта күттім. Келіп қазір кешірім сұрар, ер азамат қой деп. Қолымен істегенін мойнымен көтерер деп. Келген жоқ, бірақ. Заявление жаздық полицияға. Құзырлы органдар шарасын береді. Берер деп ойлаймын.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оныншы сынып оқушысын аяусыз ұрып тастаған
Читайте также
Әкімқаралар қазақ мектептерін ашуға неге құлықсыз?!
Оқушы тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасады
Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынды
Ахмет Байтұрсынұлы ордені үздік ұстаз-ғалымдарға табыс етілді
Мұхтар Құл-Мұхаммед қазақ ғылымын дамытудың жолын ұсынды
Балам ақылды болсын десеңіз...
Последние статьи автора