2018 жылдың 21-26 қазанында Еуропалық Одақтың ERASMUS + жоғары білім беру саласындағы жобалық әлеуетін арттыру (CBHE) DIREKT, кездесулер мен тренингтер әл-Фараби кітапханасында өтті.
2018 жылдың 21-26 қазанында Әл-Фараби кітапханасының негізінде DIREKT жобасының (Өндірістен қол үзбей оқу мен ғылыми білімге негізделген экономикасының транс-аймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту) кезекті тренингтері өтті. Жоба семинар-тренингтердің ұйымдастырушылары: ҚазҰУ-дa жоба үйлестірушісі Сұлтанғалиева Г.С., жобаға қатысушылар: Суйнова А.Т. («Тарих, археология және этнология» факультеті, «Дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану» кафедрасы), Карағойшева Д.А., Оңғарбаева М.С. («Филология және әлем тілдері» факультеті, «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасы), Туенбаева К.Т. (Әл-Фараби кітапханасының директоры), Тастанкулов Е. (Бас кітапханашы). Университеттің қатысушы серіктестері: Н.П. Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университеті, Қиыр Шығыс федералды университеті, Иммануил Кант атындағы Балтық федералдық университеті, NP NEICON, Петрозаводск мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Пекин технологиялық институты, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті, Нанкин ғылым және технология университеті.
Жүзеге асырылатын іс-шараның мақсаты - жобаны іске асыру сатыларының тиімділігін бақылау, жобаның әсер етуі мен тұрақтылығын, сондай-ақ мақұлданған жоба жоспарына, оның тиімділігіне және жобаның нәтижелерін жеткізу стратегиясына сәйкес нәтижелер мен жетістіктерді талқылауды көздейді. Бұл іс-шара 2018-2019 жылдарға арналған жобалық бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Тренинг бағдарламасына Дидактика және ғылым жөніндегі (DSWG) жұмыс топтарының іскерлік кездесулері және Ақпараттық сауаттылық (ILMWG) кірді. DIREKT жобасының координаторлары (Лимерик, Ирландия) технологиялық институтының Падраиг Кирби және Джеральд Кавангхтың «Ақпараттық сауаттылық және академиялық стильде жазу 2 (LIT)» 7 Модуль және «Ағылшын тілінде кәсіби мақсаттар үшін» 8 Модуль бойынша тренингтер өткізді. Кездесу мен тренингтердің ашылуында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры Бүркітбаев М.М. құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Бірінші проректор қоғамдағы құрылымдық өзгерістер, оның ақпараттандыруы және қазіргі заманғы дамудың негізі ретіндегі білімнің рөлі жоғары оқу орындарының стратегиясын ғана емес, сонымен қатар университет кітапханаларын анықтайтын білім беру жүйесін өзгерту маңыздылығын атап өтті. Жаһандану дәуірінде ақпараттық ресурстардың рөлі өте маңызды, ал студенттер, профессорлар мен жас ғалымдар ғылыми зерттеулер үшін дұрыс материалды таңдап, сандық ақпарат әлемінде плагиаттан аулақ болу керек және Әл-Фараби кітапханасының заманауи талаптарға жауап беретін ғылыми жетілдіру мен техникалық даму және технологиялық дайындыққа назар аударуы университеттің жетістігіне тікелей әсер етеді деді.
Тренинг соңында барлық серіктестерге, әріптес университеттердің жобалық үйлестірушілеріне сертификаттар берілді.
Авторлар:
Оңғарбаева М.С.
«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының оқытушысы
Суйнова А.Т.
«Дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану» кафедрасының аға оқытушысы