Тәуелсіздікпен келген есімдер

Тәуелсіздікпен келген есімдер

Еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңі қоғамдық сананы да тарихи бетбұрыстарға жетелегені ақиқат. Тәуелсіздік жаңа ұғымдар, жаңа атаулар мен қазіргі заманға сай келетін кісі есімдерін өмірге әкелді. Ертеңге нық сенімі қалыптасып, азаттықтың рухымен бейбіт те бақуатты өмір сүруді қалаған халқымыз дүниеге келген сәбилеріне егемен елдің жетістіктері мен жақсылықтарын ырымдап, есім етіп беруді дәстүрге айналдырды. Осылайша қазақ кісі есімдерінің қоры жаңа тарих туғызған ныспылармен толықты.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген балалар бүгінде 20 жасқа келді. Осы жылдары туған балаларға еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ныспысын беру дәстүрге айналған еді. Егемендік алғаннан кейін қазақ ұлт мақтаныштарын зерттеп, ұлы тұлғаларымызды кеңінен тани бастады. Алаш арыстарына, қазақ Тәуелсіздігі үшін жан қиған тұлғалар өміріне деген тың көзқарас қалыптасты. Міне, осы кезеңдерде қазақ қарадомалақтары Қабанбай, Бөген­бай, Қарасай, Әлихан, Міржақып болып шыға келді. Бұл – елдің ертеңдері болашақ­та аталған тұлғалардай халыққа қорған, қалқан болсын деген ниет. Әрине, қазақ еліне өзге ұлттардың идеологиясы да кері әсерін тигізіп, Карина, Селеста, Изабелла деген шетелдік есімдердің сәбилерімізге қойылғаны шындық. Дегенмен қазіргі қоғам да еліктеуді қойып, балаға ат қоюға жауапкершілікпен қарай бастады. Биыл Статистика агенттігі барыс жылы жиі қо­йыл­ған есімдердің тізімін жариялады. Сол мәліметке сүйенсек, биыл қарадомалақ­тарымызға Аружан және Ерасыл есімдері көп қойылыпты. Жаңа тарихи кезеңде Нұрасыл, Әлихан, Кәусар, Аяулым деген есімдер де кең тарап отыр. Ұлық дініміз бен имандылыққа ден қоюымыз кішкентай Айшалар, Мұхаммедтер мен Дінислам­дарды өмірге келтіруде. Сәбиге қойылған ат – оның келешек тағдырына қатысты тілек. Ертеңдеріміз үлкен азамат болсын!
Белгібай Шахметов, медицина ғылымының докторы, психолог:
– Ата-ана нәрестеге атты тегіннен- тегін қоймайды. Адамның аты затына сай болуы мүмкін. Мұны ғылымда «программирование» дейді. Қазір заманға қарай адамға қойылатын аттар да өзгереді. Тәуелсіздіктен кейін сәбилерге батырлардың, тұлғалардың есімдерін беру кең етек алды. Әр есімнің түбірінде «бек», «хан» деген қосымшалары бар. Менің ойымша, бұл – өте жақсы дәстүр. Бұл – ұлттың өзін-өзі тану деген сөз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста