Ұлттық рух кемерінен асқан күн

Ұлттық рух кемерінен асқан күн

Кеше ғана өткен 7 мамыр қа­­зақ тарихына алтын әріп­­тер­мен жазылатын та­­рихи күн болмақ. Өйткені биыл біз бұл күнді мем­ле­кеттік мереке етіп бекіттік. Тек бұл ғана емес, дәл осы күні Жамбыл облысы аумағында ор­наласқан 40-ын­шы «Отар» әскери ба­­за­сында бұрын-соңды ТМД ел­­дерінде болмаған, 7000 әскери қызметші, 400-ден ас­­там әскери техника, 80 ұшақ һәм тікұшақ  қатысқан кең ау­қымды әскери шеру бо­лып өтті. Аталмыш жауын­гер­лік ше­руге арнайы ат ба­сын бұ­рып, біз де тарихи сәт­тің куә­гері болып қайтқан едік.

Шеруге дейін...
3 мамыр күні бұл шерудің өту барысы ту­ралы Қорғаныс министрлігі арнайы брифинг өткізген болатын. Сол күні әс­ке­ри­лердің әуедегі, жердегі, теңіздегі өнерін тамашалап, жауынгерлік шерудің бұған дейін өткен дәстүрлі әскери шерулерден қан­дай айырмашылығы бар екенін түй­сініп қайтқан едік. Бұл шеруде қазақ­стан­дық жауынгерлер өздерінің кәсіби ше­бер­лігін теория жүзінде емес, шынайы әс­­кер­­дегі заманауи қару-жарақ пен әс­ке­ри тех­никаны қолдану арқылы көрсетіп берген-ді. 
Басталды...
Енді, міне, сол әскери шеруіміз ресми түр­де Елбасын қарсы алумен басталды. Құр­лық әскерлерінің Бас қолбасшысы ге­нерал-лейтенант Мұрат Майкеев Қа­зақ­стан Президентіне әскердің шеруге са­қа­дай-сай тұрғанын баяндады. Қазақстан Пр­е­зиденті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөз сөйлеп, жалпықазақстандық Отан қорғаушыларды мейрамдарымен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:
– Бүгін – шебі бүтін, шекарасы бе­рік қасиетті қазақ жерін қорғайтын Қа­ру­лы Күштеріміздің құрылған күні. Биыл­дан бастап біз 7 мамырды мем­ле­кеттік ме­реке ретінде атап өтетін бо­ла­мыз. Мен барша қа­зақ­стан­дық­тар­ды, сар­баз­дарымызды Отан қор­ғау­шы кү­німен шын жүректен құт­тық­таймын! Бұл – батыр бабалардың даңқ­ты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Ата­ларымыз ақ білектің күшімен, ақ най­заның ұшымен осы ұлан-ғайыр жер­ді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Со­ның арқасында бүгінде Тәуелсіз мем­лекет құрып, оны өркендетіп ке­леміз. Қазақтың қаһарман ұлы Ба­уыр­жан Момышұлы «Өз елін мақтаныш ет­пеу сатқындықпен тең» деген. Бұл дүниеде біздің бір ғана Ота­нымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан – қас­­терлі Ота­ны­мызға қалтқысыз қыз­мет ету және оны қорғау – әрбір аза­­маттың қасиетті борышы. Осынау пер­­зенттік пары­зы­мызды біз, әсіресе әс­­кери адамдар, адал атқаруға тиіс­ті­міз! Сонда ғана біз арманымызға жетіп, Мәңгілік ел бола аламыз. 

Сымдай тізілген сарбаздар шеруі
Елбасының құттықтау сөзінен кейін елі­міз­дің қорғаныс саласына қарайтын әске­ри­лерден құралған оннан аса рота сап тү­зеп, шеру алаңынан өтті. Бұл шеруді Кеңес Ода­ғының Ба­тыры, Халық Қаһар­маны ар­мия генералы Сағадат Нұр­ма­ғамбетов атын­дағы «Жас ұлан» республикалық мек­те­бінің барабаншылар ротасы бастады. «Жас ұлан» ротасынан кейінгі сапта Қор­ға­н­ыс министрлігі орталық аппаратының офи­церлер колоннасы өтті. Мұнан кейін ше­руді еліміздің 24 әскери гарнизонда ор­на­лас­қан (құрамында мотоат­қыш­тар, танк, десантты-шабуылдау­шы құрамалар мен бөлімдер, теңіз жаяу әскерлері мен ар­тиллерия бар). Құрлық әскерлері Бас шта­бының офицерлер құрамы, «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығының бөлімшелері, Қарулы Күштердің 20 жыл­дығы құрметіне орай өткізілген жауынгерлік сайыстардың қо­рытындылары бойынша же­ңімпаз атанған «Шығыс» өңірлік қолбас­шы­лы­ғы­ның шерулік есептобы, «Батыс» өңірлік қол­басшылығы әскерлерінің колоннасы, Гвар­диялық теңіз жаяу әскерлері брига­да­сының ротасы, «Астана» өңірлік қол­бас­шы­лығы әскерлері, Аэроұтқыр әскер­ле­рінің жауынгерлік бөлімшелері, т.б сар­­баздар лек-легімен шерулетіп, ша­ра­ның көрігін қыздыра түсті... Мұнан кейін шараны Аэроұтқыр әскерлерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері жалғастырып, Аэроұтқыр әскерлерін Құрлық әскерлерінің басқа бір бөлігі – Зымыран әскерлері мен ар­тиллериясы ауыстырды. Бұдан соң, ше­руді Әуе қорғанысы күштерінің колоннасы, Әс­кери-теңіз күштерінің парадтық есеп­то­бы, Жауын­герлік және арнайы аму­ни­ция­­мен арнаулы операциялық күштер бө­лім­шелері Құрлық әскерлері әскери институты кур­­санттарының ротасы, ра­дио­элек­тро­ника және байланыс әскери-ин­же­нерлік ин­ститутының курсанттары, Қарулы Күш­тер мүдделері үшін арнаулы тап­сыр­маларды орындауға арналған әскери по­лицияның жауынгерлік бөлімшелері, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Шекара қыз­метінің парадтық есептобы, Ішкі істер ми­нистр­лігі Ішкі әскерлері әскери қыз­мет­ші­лері, Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің бө­лімшесі жалғастырып, қараса көз тоя­тын сұлу көрініс Қазақстан жұртшылығына ұсы­нылды. Шеруді мемлекеттік ны­сан­дар­ды күзету, қорғаудағы адамдардың қа­уіп­сіз­дігін қамтамасыз ету, рәсімдік ғұ­ры­п­тар­ды орындау, Мемлекеттік Ту мен Мем­­­лекеттік Елтаңба эталондарын күзету се­­­кілді өте маңызды әскери та­п­сыр­ма­лар­ды орындайтын республикалық «Ұлан» бө­лімшелері аяқтады. Отар көгінде Әуе қор­ға­ны­сы күштері әскери авиация­сының тік­ұшақтары мемлекеттік маңызы бар үш ту­ды алып ұшып өтті. Осылайша жауын­гер­лік парадтың 1-бөлімін Әскери құрама оркестрдің салтанатты музыкасы түйіндеп, жа­уынгерлерге отаншылдық рух сый­ла­ған­дай болды.

Бейбіт мақсаттағы – біз көрген «соғыс»
Кез келген басқыншы үшін қаһарлы қару болып есептелетін  «Точ­ка-У» зы­мы­ран кешендері ұрыс қимылдарын бас­тады. Зы­мыран әскерлері мен артил­ле­рия­ның жа­рағында тұр­ған жоғары дәл­діктегі бұл қа­рудың шалт қимылы «Отар» әскери ба­засына жиналған жұртшылықтың жүрегін дір еткізгендей болды. Осы бір жойқын қа­ру жау бе­кінісінің қабырғасын сөккен соң, әуе ша­буылына қарсы қор­ға­ныс бри­га­­да­сының сардары, «Ай­бын» ор­де­нінің то­лық иегері, полковник Жасұлан Бер­ния­зов басқаратын С-125 «Пече­ра» зе­ниттік-зы­мырандық ке­шенінен зы­мы­рандар са­ғат­ша сатырлап, үдемелете соқ­қы берді. «Оң­­түстік» өңірлік қолбас­шы­лы­ғының ар­тил­лериясы да кең спектрлі дүр­кінді атыс зымырандық жүйесімен дұш­пандарын нысанаға алып, өз өнерлерін ор­таға салды. Осылай бірінші жауынгерлік қи­мылдар ой­дағыдай аяқ­талып, МСТА-Б және Д-30 ди­виз­ион­дарының екінші атыс шабуылы бас­тады. Олар жауынгерлік міндетті «Крас­но­поль» снарядтарымен басқарылатын жо­ғары дәлдіктегі оқтармен жүзеге асыр­ды. Осы сәтте армия авиа­циясының көп мақ­сатты Ми-24 көліктік-әскери тік­ұша­қ­та­ры ұшып өтіп, құрлықтағы әскерлерге қол­дау көрсетуге дайын екен­дік­терін біл­дір­ді. Соғыс жағдайындағы қи­мылдарды Ми-24 тікұшақтарының екін­ші звеносы жал­­ғастырып, басқа­рыл­май­тын авиа­ция­лық зы­мырандармен ша­буыл­ға шықты. Бұл кез­де жаудың бе­­­­кі­ні­сінің ша­ңы­рағы шайқалып, ортасына түс­­­кен бо­латын. 40-ыншы «Отар» әскери ба­засы ор­на­лас­қан аймақтағы шағын бір тау­лы қырат бомба мен оқтың астында қа­лып, көк түтін мен қара топыраққа «қа­қалып» жатқан-ды. Осы бір оңтайлы сәтті пайда­ланып, ұрыс алаңында таулы ай­мақтағы атқыштар бригадасы бөлімшесінің жаяу әскер жа­уын­­герлік машиналары мен танк­те­рі бет­теді. Танктермен қатар жаяу әскер жа­­уын­герлік машинасы – БМП-2 іске кі­рісті.
Ұшқыштар әуеде «Хан-шатыр» салады...
Жауынгерлік шеру барысында «Жетісу» және «Сұңқар» ұшқыштар тобының әуеде ұшу арқылы көрсеткен өнері тама­ша­лау­шы­лардың есінде мәңгілікке қалатындай әсер етті. Олар әлемде ең мықты ұш­қыш­тардың өзі тәуекел ете қоймайтын «Нес­те­ревтің өлім тұзағы» («Мертвая петля Нес­терева») аталып кеткен аса күрделі әскери тә­сілді ойдағыдай орындады. Дыбыс жыл­дамдығымен жарысқан әскери ұшақтар Отар көгінде өрнек салып, ұшақтан шаш­қан шашуын әп-сәтте «Хан шатыры» ке­ше­ніне айналдырып жіберді. Көрермендер бір сәтте шынайы соғыс айлағына кіріп кеткендей жүрексінсе, бір сәтке ертегілер еліне тап болғандай қуанысып жатты.
Ұрыс теңізде де жалғасты
Отардағы шеру жұмысын тікелей бай­ланыс арқылы Каспий теңізі бойындағы әскери шебіміз жалғады. Қарт теңіздің 2340 шақырымдық шекарасын қорғайтын әс­керлеріміздің де өнерлері таңдай қақ­ты­рарлық екен. Барша қазақстандықтар он­лайн режимде тамашалаған көріністе жа­ғадан теңіз ішіне қарай 40-45 шақырым бой­лай енген әскери кемеміз 10 шақырым қа­шықтықта орналасқан нысананы атып түсірді.
Елбасы жоғары бағалады
Әскери шеруді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары бағалады. Ол шеру аяқ­талған соң: «Бүгінгі Отан қорғаушы ме­ре­­кесі күнінде өздеріңіздің әскери өнер­ле­рі­ңізді паш етіп, тамаша өнер көр­сет­тіңіз­дер. Бүгінгі шеру бүкіл Қарулы Күш­­­­те­­ріміздің әр уақытта да дайын екен­дігін көр­сетеді», – деді. Сондай-ақ ҚР Пре­зи­­денті шеруді барша Қазақстан халқының ал­­дында лайықты өткізгендері үшін Қа­рулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ре­тінде ризашылығын білдіріп, алғысын айт­ты.
Шеруден соң...
Мемлекет басшысы әскери парад аяқ­талған соң жауынгерлік өзара іс-қимылдың жо­ғары деңгейін көрсету арқасында бүкіл еліміз Қазақстанның әскери қауіпсіздігін лайықты қамтамасыз етудің куәсі болғанын атап өтті. Ол Қарулы Күштеріміз аза­мат­тардың татулығы мен тыныштығын қорғап тұрғанына да тоқталды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Ә.Жақсыбековпен және Қарулы Күштер генералитеті өкілдерімен бірге отандық кәсіпорындардағы жаңа және жаң­ғыр­тылған әскери техника үлгілерімен та­ныс­ты. Бұл көрмеде Елбасымызға әскери, аза­мат­тық және қосарлы мақсаттағы арнайы  техникалар, соның ішінде штаб­тық, жа­уын­герлік, медициналық, ізде­с­тіру-құт­қару машиналары, радиорелелік стан­сы, қарлы-батпақты жерлерге арнал­ған «Тұл­пар» машинасы, Қазақстанда құ­рас­ты­рылатын ЕС-145 тікұшағы, ұш­қыш­сыз ұша­тын аппараттар және қару-жарақ, тех­ни­ка мен киім-кешектің өзге де түрлері көрсетілді.

Түйін
Алаш тарихындағы дүбірлі бір күннің түйіні осылай қойылды. Шеруге келген халық Тәуелсіз елдің Қарулы Күштеріне риза болып қайтты. Ал біз болсақ ұлттық рухымызға серпіліс әкелер мұндай шаралар көп болса деген арманмен Алматыға оралдық. Себебі қазақ халқы «Жау жоқ деме, жар астында» дейді. Жар астынан жау іздемесек те, беліміз әрдайым бекем болғаны жөн. Өйткені біз толарсақтан саз кешкен кешегі Махамбеттердің ұрпағымыз...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста