Жоғарғы Қаскелең тас жолы уақытша жабылады
Райымбекке бұрылатын жерге жолайрық салынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Ел арасында Жоғарғы Қаскелең тас жолы деп аталатын Алматы — Шамалған — Ұзынағаш тас жолының 22-24-шақырымының Райымбек ауылына апаратын Сүйінбай көшесімен қиылысатын тұсын жол мамандары 2 мамырда жабады.
«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған бөлікте 25 тамызға дейін қозғалыс шектеледі.
Оны Қарғауылды ауылындағы Іңкәрбеков және Көкдала көшелерімен, сонымен қатар Райымбек ауылындағы Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Мекеме өкілдері жүргізушілерден шыдамдылық танытуды сұрады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу