Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс, автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы қарастырылған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз", - деді Қарабаев үкімет отырысында.

 

Ведомство басшысының айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қайта бастаудың нақты күні айтылады.

 

"Бұл жерде бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгініп, содан кейін банкке барса, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады: алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгінеді, онда электрон кезек болады, содан кейін автосалонға барады. Автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсына алуы үшін", - деп түсіндірді министр.

 

Жаңа автокөліктерді ұзақ күту туралы айта келе, Қарабаев мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес екенін атап өтті.

 

"Бұл кез келген елде, тіпті KIA өндірілетін Оңтүстік Кореяда болады. Сондай-ақ, кей маркалары халықтың 2-2, 5 жыл күтуіне тура келеді", - деді ол.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста