Жапонияда ескі көлік арзандап жатыр

Жапонияда ескі көлік арзандап жатыр

Жапонияда ескі көлік арзандап жатыр, ал жаңа машина керісінше қымбаттауда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Nikkei басылымы Жапонияда ескі көлік бағасы айтарлықтай төмендегенін хабарлады, наурызда орта есеппен 785 мың иен (3.28 млн теңге) арзандаған, бұл ақпанның соңындағы көрсеткіштен 5 %-ға төмен. Мұның себебі — Жапониядан жүрілген көліктерді ең көп сатып алатын Ресейге (2021 жылы 160 мың) машина жеткізу күрт азайды.

 

Ресейдің Қиыр Шығысындағы тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие Nissan Leaf, Subaru Forester секілді модельдер бірден 20 %-ға арзандаған. Владивосток кеден бекеті «Интерфакске» жыл басынан бері 20 мыңнан аса машина келгенін хабарлады. «2022 жылы әкелінген автокөлік саны: қаңтарда — 9072, ақпанда — 10 029, 1-9 наурызда — 2320», — деп мәлімдеді кеденнің баспасөз қызметі.

 

Қазір сатушылар мен сатып алушылар сауда кезінде шығынға батпау үшін рубль бағамының орныққанын күтіп отыр. Жапонияда жаңа көлік бағасы өсіп барады, өйткені жартылай өткізгіш тапшылығы әлі шешілген жоқ. Оның үстіне өткен аптада елдің солтүстік-шығысында бірнеше мәрте жер сілкінісі болып, Toyota мен Nissan зауыттарының өндіріс жоспарына өзгеріс енгізді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста