Заңсыз әкелінген көліктің бәрі тіркеуден өткізіле ме?

Заңсыз әкелінген көліктің бәрі тіркеуден өткізіле ме?

Елге заңсыз кіргізілген көліктердің бәрі тіркеуден өткізіле ме? Жолдаудан кейін жеңілдікке қайсымыз ілігеміз деп, көңілі күпті боп отырған жүргізушілер көп, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге осы іске жауапты экология министрі нақты алгоритмді дайындап бітпеген. Бірақ қазірден сарапшылар бір реттік жеңілдіктің шапағатын бәрі көрмейді деп топшылайды.

 

Сарапшылар мен жауапты органдар не дейді?

 

Ақтау көшесіндегі көліктердің жартысынан көбі Ресей, Армения, Грузия нөмірімен жүргені ешкімге жасырын емес.

 

Есен Жарланов сондай темір тұлпардың бірін тізгіндеген. Жолдауда айтылған бір реттік жеңілдікті естіп құлағы елең ете қалды. Алаламай, бәрін тіркеуден өткізсе, тәртіп те бір ізге түсер деп топшылайды.

 

Есен Жарланов, Ақтау қаласының тұрғыны:

 

– Бұл дұрыс шешім. Себебі, шетелден көлік өте көп келіп жатыр. Өте көп жүр. Олар деген заңды түрде осылай есепке қойылса, үлкен плюстары бар. Бюджетке ақша түседі дегендей, сосын жол ержесін бұзушылар азаяды. Критерий қою дұрыс деп ойлаймын. Себебі, машина мықты көбейіп кетеді ғой. Жылы бойынша, оң рульділерге шектеу қойса, ол дұрыс деп ойлаймын.

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстанға үшінші елдерден 122 мыңға жуық көлік “уақытша” деген желеумен кіргізілген.

 

Бұл жерде үшінші ел дегеніміз,  Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін мемлекеттер.

 

Уақытша әкелу мерзімі бір жыл екенін ескерсек, кері шыққандары жоқтың қасы.

 

Қолданыстағы тіркеу ережесін електен өткізсек, бұл бір реттік жеңілдіктің шарапатын сонда кім көреді деген еріксіз ойға батасың.

 

Президент пәрмені бойынша бір реттік утилизация және алғашқы тіркеу көлемі 250 мың теңгеден аспауға тиіс. Халықаралық іздеуде жоқ және кедендік рәсімнен өткен көліктер ғана бұл жеңілдіктен дәмелі. Бірақ нақты алгоритм әзірге жоқ.

 

Оны дайындауға жауапты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жұмысқа бірден кіріскенін жеткізді.

 

Олжас Беркінбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

 

– Заңсыз көлік әкелуге батыл тосқауыл қою да тапсырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру үшін қазір мүдделі мемлекеттік органдарменен кеңес жүргізілуде. Осының барлығын қазір мемлекеттік органдар өзара кеңес жүргізіп қарастыруда, нақты мәліметтер болған кезде біз тағы қосымша ақпарат беретін боламыз.

 

«Келісіп пішкен тоң келте болмас» деп кеңесуге кіріскен министрліктердің ақылдасуы қашанға дейін созылары белгісіз. Жеңілдікті естіп, құлағын түріп елеңдеген жүргізушілер екіұдай күйде. Тіркеуге ілігуге әркімнің-ақ бар таласы. Бірақ қайсының асығы алшысынан түсерін уақыт көрсетеді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста