Жаңарған Lada Vesta
Ижевскідегі Lada зауытында рестайлингтен өткен «Вестаның» сериялы өндірісі басталды.
22 ақпанда «LADA Ижевск» зауыты жаңарған модельдің алғашқы сериялы нұсқасын шығарды.
Алдымен «Гарфилд» деп аталатын алтын түсті SW Cross нұсқасы жарық көрді.
Өндіріс бастау құрметіне орай компания «кросс» универсалдың да, седанның да алғашқы суретін жариялады.
Көліктің сыртқы пішінінде аса үлкен өзгеріс болмайтыны бұған дейін белгілі болған.
Vesta-ға жаңа жарықдиодты шам, басқа бампер, өзгеше жүксалғыш қақпағы және жаңа радиатор торы орнатылады, оның дизайны машинаның нұсқасына байланысты әртүрлі болады.
Сонымен қатар модельге 16 және 17 дюймдік дөңгелек дискісі орнатылады.
АВТОВАЗ салонның суретін көрсеткен жоқ, бірақ интерьердің кейбір бөлшегі интернетте жарияланған болатын. Ал модельдің комплектациясы мен бағасы туралы ақпарат кейінірек белгілі болады.