Жаңарған Hyundai Sonata толық жетекті болады

Жаңарған Hyundai Sonata толық жетекті болады

Hyundai компаниясы Sonata-ны жаңартады. Модель рестайлингтен өте ме, әлде жаңа буыны жарыққа шыға ма әлі белгісіз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ фототыңшылар түсірген сурет пен желіде тараған түрлі мәліметке қарағанда седанды үлкен өзгеріс күтіп тұр. Motor1 басылымы машинаның сырт пішіні түбегейлі өзгеріп, алғаш рет толық жетекті болатынын хабарлады.

 

 

 

 

 

Фототыңшылар Hyundai Sonata-ның ерекше сынақ прототипін суретке түсіріп алды. Камуфляжбен қапталған көліктің алдыңғы әйнегіне техникалық сипаттамасы жазылған тізім ілініпті. Одан сынақтан өтіп жатқан автомобиль 2.5 литрлік мотор, автомат қорап және толық жетек жүйесімен жабдықталғанын білуге болады.

 

 

Қозғалтқыш көлемі ешкімді таңғалдырған жоқ. Мұндай моторды Hyundai бұрыннан қолданып жүр, дәл осындай көлемдегі атмосфералы моторы 194 ат күшін берсе, турбомоторының бұдан 100 «арғымағы» көп. Сегіз сатылы автомат та концернге көптен бері таныс. Ал толық жетек жүйесі жайлы бұлай айта алмаймыз, өйткені Кореяда осы кластағы седандар арасында Kia K5-тің үздік түрленімі ғана толық жетекті.

 

Камуфляж көлік дизайнындағы өзгерістерді жасыра алмапты. Жаңарған Sonata-ның алдыңғы бөлігі жаңа Hyundai Accent сияқты кейінгі модельдер стилінде жасалады. Оптикасы мен бампері өзгеріп, радиатор торы мен капот арасында фирмалық жолақ пайда болады.

 

 

Шпиондық фотодан салондағы үлкен қосарлы экранды көруге болады. Интерьері де шанақ сияқты матамен толық қапталыпты. Демек Sonata-ның салонында да үлкен өзгеріс болады.

 

Бұған дейін Hyundai бұл модельді конвейерден алады деген ақпарат тараған. Бірақ Sonata-ның шпиондық суреті компания модельді жаңартуға бел буғанын көрсетті. Жаңарған Sonata нарыққа қашан шығатыны қазірше белгісіз.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста