Жаңарған Hyundai Palisade Қазақстанда қанша тұрады

Биыл сәуірде Нью-Йорк автосалонында таныстырылған Hyundai Palisade Қазақстан нарығына шықты. Машинаны Tucson-ға ұқсас стильде жасалған алдыңғы жағынан тануға болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

Салонға үлкенірек цифрлы аспаптар панелі (бұрынғыдай 7 дюймдік емес, 12.3 дюймдік) қойылды, мультимедиа кешенінің экраны да бұрынғыдан үлкен. Түрленіміне байланысты оның диагоналі 10.25–12.3 дюйм болады. Жаңарғанға дейін дисплей 8 немесе 10.22 дюймдік болған.

 

 

Рестайлингтен өткен соң бағасы да өсті. Бұрын 3.5 литрлік бензинді моторы бар машина 21.4–24.9 млн тұрса, қазір бағасы 25.6 млн теңгеден басталады. Ал ең үздік Calligraprhy жиынтығы 28.6 млн теңгеге бағаланып отыр, бұл опция ретінде берілетін екінші қатардағы бөлек орындықты қоспағандағы баға, оны алу үшін тағы 300 мың теңге төлеу керек.

 

Жаңарған Palisade-тың V6 моторының қуаты артты. Ол енді 249 емес, 277 ат күшін береді.

 

Модель үш комплектацияда ұсынылады: Family, Luxe және жоғарыда аталған Calligraphy. Ең қарапайым Palisade алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастығы, қауіпсіздік пердесі және айнала шолу камерасы, көрінбейтін аймақты бақылау, парктроник, круиз-бақылау сияқты электронды көмекшілермен жабдықталған. Рөлдің биіктігі мен орнын реттеуге және оны жылытуға болады, жылытуға болатын алдыңғы және артқы орындық, кілтсіз ашу жүйесі, электрлі реттелетін алдыңғы орындық, сымсыз қуаттау, үш аймақты климат-бақылау, 10 динамигі бар аудиожүйе, медиакешеннің үлкен дисплейі, аспаптар панелі және т.б. бар.

 

 

Жаңарған Hyundai Palisade-тың комплектациясы туралы толық ақпаратты Kolesa.kz қосымшасындағы «Жаңа автокөліктер» бөлімінен көруге болады.

 

Қымбатырақ Luxe жиынтығы (27.2 млн теңге) электр жетегі бар люк, Nappa былғарысымен қапталған салон және Hyundai Smart Sense топтамасына енетін бейімді круиз-бақылау, автоматты тежеу жүйесі, жолақта ұстау функциясы сынды электронды көмекшілермен ерекшеленеді.

 

Ал үздік Calligraphy түрленімінде (28.6 млн теңгеден басталады) екі түсті салон қаптамасы, дисплейі бар салондағы айна, массаж функциясы бар жүргізуші орындығы және желдетуге болатын алдыңғы және артқы орындық бар.

 

 

Айта кетейік, рестайлингтен өткенге дейін Palisade біздің елде 200 ат күші мен 440 Нм беретін 2.2 литрлік дизельді мотормен сатылды. Бағасы 23–24.5 млн теңге болатын. Жаңарған кроссовердің турбодизельді нұсқасы қазірше жоқ.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста