Жаңа Volkswagen Passat: алғашқы фотосы мен техникалық сипаттамасы

Жаңа Volkswagen Passat: алғашқы фотосы мен техникалық сипаттамасы

Volkswagen жаңа Passat-ты камуфляжбен қапталған суреттерін жариялай бастады. VW мамандары машинаның салоны мен сипаттамасын да көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бес есікті Passat сәл үлкейіп, бағасы өседі және үнемді болады.

 

 

VW Passat-тың сырт пішіні марканың ID.7 сияқты электрлі өнімдерінің стилінде жасалған.

 

Универсал ерекше оптикамен көзге түседі, ал бампердегі ауатартқыш толық электрлі нұсқасы болмайтынын білдіреді.

 

Жарық техникасы әдеттегідей жарықдиодты немесе жарығы 500 метрге түсетін матрицалы болуы мүмкін.

 

 

Passat айтарлықтай үлкейді, ұзындығы 144 мм (4917 мм), ось арасындағы қашықтық 50 мм (2841 мм) ұзарды. Артқы жолаушылар орны кеңейіп, жүксалғыш көлемі 690-нан 1920 литрге артты. Модельдің интерьерін жаңа Tiguan стилінде жасаған. Аспаптар панелінің диагоналы 10.25 дюйм, ортаңғы экран нұсқасына байланысты 12.9 немесе 15 дюймді болады.

 

VW Passat-тың мотор гаммасында әдеттегі бензинді және дизельді қозғалтқыш, сондай-ақ гибрид күштік құрылым болады. Агрегаттар 204–272 ат күшін береді, ал электрлі режимде универсал 120 км жол жүреді. Мамандар жаңа Passat-ты екі клапанды амортизаторы бар жақсарған бейімді шассимен жабдықтайды.

 

VW Passat-тың тұсаукесері қашан өтетіні белгісіз. Бірақ универсал өзімен бір платформаны бөлісетін Škoda Superb-пен бірге биыл күзде жарық көруі мүмкін.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста