Жаңа M3 Touring AMG E63 S-тен жылдам

Жаңа M3 Touring AMG E63 S-тен жылдам

Бес есікті спорттық универсал BMW M3 Touring әдеттегі «сарайға» қарағанда жалпағырақ әрі аласа болады және өзі негізделген M3 Competition седанынан жүз келіге жуық ауыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Машина 503 ат күшін (650 Нм) беретін 3 литрлік 6 цилиндрлі битурбомотормен жүреді. Айналу моменті сегіз сатылы автомат арқылы барлық дөңгелекке беріледі.

 

 

 

 

 

Алғашқы жүздікті 3.6 секундта алатын темір тұлпардың жылдамдығы сағатына 280 шақырымға дейін шектелген. Бірақ қажет болса ең жоғарғы жылдамдығы 306 шақырымға жетеді. Көлік «Нордшляйф» сынағынан сәтті өтті, ол ең жылдам универсал екенін дәлелдеді. Бір айналымды 7 минут 35 секундта аяқтап, AMG E63 S-тен 10 секунд жылдам нәтиже көрсетті.

 

 

Қуатты қозғалтқышы бейімді аспа және Active M дифференциалы бар спорттық шассимен қамтамасыз етілген. Тұрақтылық жүйесін өшірген кезде кәсіпқойлар M Traction Control режимін пайдалана алады.

 

M3 Touring интерьеріндегі аспаптар панелі мен мультимедиа экраны бұрынғы M3 және M4-тегімен ұқсас, бірақ Merino былғарысымен қапталған орындық секілді өзіндік ерекшеліктері де бар. Жүксалғышының сыйымдылығы — 1510 литр.

 

 

 

BMW M3 Touring қарашада жарық көреді. Машина ең алдымен Еуропада және осындай көлікті жоғары бағалайтын өзге де елдерде сатылады. Ол қатарға АҚШ та, біз де кірмейміз. 100 мың еуро тұратын универсал бізге сәл сай келмейді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста