Жаңа Lexus RX Қазақстанда қанша тұрады

2022 жылғы маусымда жарық көрген бесінші буындағы Lexus RX Қазақстанға келді. Біздің елде кроссовердің алты комплектациясы бар RX 350 нұсқасы және RX 500h бензин-электрлі түрленімі сатылады. Соңғысы тек екі жиынтықта қолжетімді болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

RX 350 239 ат күші мен 429 Нм беретін 2.4 литрлік турбомотормен жүреді, ол 8 сатылы автоматпен жұптасады. Бұл агрегат бұрынғы 3.5 литрлік V6-ның орнын басты.

 

RX 350-дің ең арзан Comfort жиынтығы 34 млн теңге тұрса, ең қымбат Luxury нұсқасы 42.9 млн теңгеге бағаланып отыр.

 

 

 

 

RX 350-дің F-Sport пакеті бар комплектациясы болады, ол өзгеше сырт пішіні, 21 дюймдік қара дөңгелек дискісі және салондағы арнайы декормен ерекшеленеді. Мұндай машина 40.5–40.8 млн теңге тұрады. RX 350-дің ең қарапайым нұсқасы үш аймақты климат-бақылау, проекциялық экран, электрлі реттелетін кресло, қауіпсіздік жүйесінің толық жинағы және т.б. пайдалы заттармен жабдықталады.

 

 

RX 500h гибрид нұсқасы F-Sport пакетімен ғана сатылады. Бағасы — 48–48.3 млн теңге. Күштік құрылымы 2.4 литрлік турбомотор мен артқы осьтегі электромотордан тұрады. Агрегат 8 емес, 6 сатылы автоматпен жұмыс істейді. Қуаты — 367 ат күші мен 550 Нм.

 

Қазақстанда төртінші буындағы RX-тің бағасы 32 млн теңгеден (2 литрлік турбомотормен жүретін RX 300) басталып, 53.4 млн теңгеге (Luxury жиынтығындағы RX 450h гибриді) жетеді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста