Жаңа Lexus LX Ресейде қанша тұрады

Базалық нұсқасы «570-тен» 631 мың рубльге (3.5 млн теңге) қымбат деп хабарлайды kolesa.kz.

 

Lexus-тің Ресейдегі өкілдігі жаңа буындағы LX-тің бағасын жариялады. Көршімізде көлік 3.5 литрлік бензинді V6 (LX 600) және 3.3 литрлік дизельді агрегатпен (LX 500d) қолжетімді. Мұның алғашқысы 415 ат күшіне (650 Нм), ал екіншісі 299 күшке (700 Нм) ие. LX 600-дің барлық нұсқасы 10 сатылы автомат, толық жетек жүйесі және гидропневматикалық аспамен жабдықталған.

 

LX 600 ресейліктерге алты комплектацияда ұсынылады: Executive, Premium, Luxury, Luxury+, VIP және VIP Black. Бірақ алғашқы үшеуіне ғана дизельді мотормен тапсырыс беруге болады.

 

 

3.3 литрлік моторы бар базалық Executive нұсқасы 8.5 миллион рубль (48.2 млн теңге) тұрады. Ал бензинді турбомотор (V6) қойылған үздік VIP Black нұсқасының бағасы — 11 миллион рубль (62.1 млн теңге).

 

Анықтама ретінде: АҚШ-та жаңа LX 600 86.9-126 мың доллар аралығында (38-55 млн теңге) сатылады. Ескі LX 570 пен LX 600-дің бастапқы бағасы бірдей.

 

 

Буын алмасқанда дизельді моторы бар ең қолжетімді LX 631 мың рубльге (3.5 млн теңге) қымбаттады. LX 450d-дің бағасы 7.9 миллион рубльден (44.8 млн теңге) басталатын. Ал қарапайым нұсқадағы бензинді LX 381 мың рубльге (2.2 млн теңге) қымбаттады.

 

Айта кетерлігі, бұл жол талғамайтын көліктің өндіруші ұсынған бағасы. Автосалондағы бағасы бұдан басқаша болуы мүмкін. Мысалы, Land Cruiser 300 алғысы келген клиенттер бірнеше миллион рубль артық төлеуге мәжбүр.

 

Жаңа Lexus LX-тің Қазақстанда қаншаға сатылатыны әлі айтылмады, көлік бағасы белгілі болғанда Kolesa.kz қосымшасындағы «Салонда тұрған жаңа көліктер» бөлімінде оның жиынтық түрлерін салыстыруға болады

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста