Жаңа Hyundai Accent-тің тұсаукесері өтетін күн белгілі болды

Hyundai түрлі нарықта Accent, Verna не Solaris деп аталатын бюджеттік седанның жаңа буынын дайындап жатыр. Танымал көлікті бірінші болып концерннің Үндістандағы бөлімшесі сата бастайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Autocar хабарлағандай, бұл елде жаңа өнім 21 наурызда жарыққа шығады. Үндістанда сатушылар алдын ала тапсырыс қабылдап жатыр.

 

Бұған дейін Accent-тің бірнеше суреті жарияланып, сырт пішіні үлкен өзгеріске ұшырағаны белгілі болған.

 

Мамандар экстерьерін қазір қолданыстағы барлық дизайн ерекшелігін пайдалана отырып жасады. Соның арқасында Accent кей деталі қымбат Grandeur-ден алынған Elantra-ның кішірек көшірмесіне айналуы мүмкін.

 

 

Мотор гаммасы да өзгерді. Үндістанда шыққан Accent-тің ең арзан нұсқасы бұрынғыдай 115 ат күшіне ие 1.5 литрлік атмосфералы мотормен жүреді. Бірақ сәл қымбат нұсқасына қойылатын 150 ат күшіне ие 1.4 литрлік турбомотор қатардан шығады. Оның орнын 1.5 литрлік жаңа турбомотор басады, агрегат 160 ат күшін береді және 6 сатылы механика немесе 7 диапазонды роботпен жұмыс істейді.

 

 

Седан Үндістан нарығында Volkswagen Virtus және Škoda Slavia-мен бәсекелес болады.

 

Кейінгі кезде Үндістан автонарығы қыза түскендіктен Hyundai жаңа Accent сатылымын осы елде бастауды дұрыс деп тапқан секілді. 2022 жылы Үндістан Қытай мен АҚШ-тан кейінгі ең көп автомобиль өткен ел атанды. Компания онда шыққан «акцентті» өзге елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста