Жаңа Chevrolet-нің алғашқы модельдері жарық көрді

Жаңа Chevrolet-нің алғашқы модельдері жарық көрді

Қостанай қаласындағы Allur зауытында Chevrolet Оnix-тің алғашқы үлгілері конвейерден шықты. 

Chevrolet Оnix - Қазақстанның автомобиль нарығындағы B-классты седандар сегментінің асыға күткен моделі. Естеріңізге сала кетейік, бұл сегментте екінші жыл қатарынан Chevrolet Cobalt көшбасшы болып келеді.

Chevrolet седандар желісінде жаңа ойыншы пайда болады: Оnix - алдыңғы жетекті және бес орындықты автомобиль, ол қозғалтқыштың екі түрін таңдауға мүмкіндік береді - 1,2 л (90 а. к.) және 1,2 л Турбо (132 а. к.).

Бірінші түрі бес жылдамдықты механикалық беріліс қорабымен, екіншісі алты жылдамдықты автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.

Автокөліктің заманауи дизайны және кеңейтілген опциялар жиынтығы бар, 10,6 секундта 100 км/сағ дейінгі жылдамдыққа үдей алады. Өндіруші мәлімдеген жанармай шығыны жиынтықталуына байланысты аралас режимде 100 км-ге 5,9 л-ден және қаладан тыс жерде 4,7 л-ден басталады.

Асыға күткен Chevrolet моделінің негізгі артықшылықтары:

1. Орыс тілді мәзір – мультимедиялық жүйеде толығымен орыстандырылған мәзір.

2. Жартылай автоматты тұрақ жүйесі – параллель немесе перпендикуляр жерлерде көмекшінің көмегімен тұрақтау.

3. Электрлі люк – осы сегменттегі автомобильдердің ұқсас опцияға ие болғандарының қатары кемде-кем.

4. Көлемді жүксалғыш бөлігі – жүксалғыш бөлігі 467 л.

5. «Жылы» опциялар – алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту, артқы әйнекті жылыту және басқа да көптеген функционалды қосымша мүмкіндіктер.

Бұл модельдің өлшемдері: ұзындығы - 4474 мм, дөңгелек базасы - 2600 мм. Седанның Клиренсі - 136 мм. 

Chevrolet Оnix-тің шығуы қазірдің өзінде Қазақстандағы әлеуетті сатып алушылардың жоғары қызығушылығын тудырып отыр.

Жаңа автомобильдің бағалары, жинақталуы және басқа да ақпарат 2023 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында өтетін тұсаукесерде жарияланатын болады.
 
0,7% жетпеді: Түркиядағы сайлауда Ердоған 49,3% дауыс жинап қалды

bugin.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста