Жаңа Chery кроссоверінің сипаттамасы белгілі болды

Жаңа Chery кроссоверінің сипаттамасы белгілі болды

Бұрын TJ-1 атанған Chery кроссовері жергілікті нарыққа Tansuo 06 атауымен шығады. Ал шетелде автомобиь Jaecoo J7 деген атпен сатылады. Машина Қазақстанға да келеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

 

 

 

Chery модельді шағын жол талғамайтын көлік ретінде ұсынады, ол түпнұсқа сырт пішіні және толық жетек жүйесімен ерекшеленеді (базалық нұсқасы моножетекті болуы мүмкін). Tansuo 06-ның өлшемі — 4538×1898×1680 мм, дөңгелек базасы — 2672 мм. Демек кроссовер Chery-дің басқа модельдерінен үлкен болмайды.

 

Tansuo 06-ның сырт пішіні мен интерьер архитектурасы өзара үйлесіп тұр. Ортаңғы консольде Chery стиліне сай келмейтін үлкен тік экран бар, алдыңғы панельде желдету дефлекторы орналасқан, ал беріліс қорабының селекторы Tank модельдеріндегі иінтірекке ұқсайды.

 

 

 

 

Жергілікті нарыққа алдымен машинаның бензинді моторы бар нұсқасы шығады, оған тамыздан бастап тапсырыс беруге болады. Tansuo 06 7 сатылы роботпен жұмыс істейтін, 197 ат күшіне (290 Нм) ие 1.6 литрлік төрт цилиндрлі мотормен жүреді. Кейін кроссоверге 1.5 литрлік ІЖҚ және екі электромотордан тұратын агрегат орнатады, оның сипаттамасы қазірше белгісіз.

 

Jaecoo J7

 

Кроссовердің экспортқа шығатын нұсқасы жаңа атаудан бөлек өзгеше сырт пішінімен ерекшеленеді.

 

Сондай-ақ марка Jaecoo J7-ге басқаша радиатор торы мен шағын бампер орнатады.

 

Jaecoo сәуірдің аяғында Aster-мен келісімшарт жасап, Қазақстан нарығына шығатынын хабарлаған. Олар елде Omoda және Jaecoo көліктерін сататын 10 дилерлік орталық ашуды жоспарлап отыр. J7 кроссоверін биыл қарашадан бастап сатып алуға болады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста