Жаңа BMW 5-Series-тің алғашқы фотосы
Бавариялық компания басты бәсекелесінен қалыспай «бестіктің» сегізінші буынын көрсеткелі жатыр, машинаны 24 мамырда таныстырады. Ресми тұсаукесер алдында желіде жаңа өнімнің суреті тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Шпиондық фотодан седанның шанағы қазіргі модельге қарағанда тегіс әрі сүйір пішінде екені байқалады. Сондай-ақ көлбеу жүксалғышы, минималистік стильдегі есік тұтқасы және жіңішкерек артқы шамы көзге түседі.
Техникалық жағы жайлы айтсақ, BMW модельдің ІЖҚ бар нұсқасы мен plug-in гибрид түрленімі шығатынын растады. Бұдан бөлек кем дегенде екі толық электрлі нұсқасы (i5 eDrive40 және i5 M60 xDrive) болады. Adaptive Suspension Professional аспасы орнатылған «бестік» 7-серия сияқты жайлы жүреді.
5-сериялы BMW прототипі
Салонда ТикТок пен селфи-камера жоқ, есесіне 130 км/сағ жылдамдықта рөлді жіберуге мүмкіндік беретін Highway Assistant автопилоты болады. Жолдағы орынды көзбен өзгертуге болады: жүргізуші сол немесе оң жақтағы бүйірлік айнаға мұқият қарап отырса болғаны, автомобиль адамнан рұқсат алған соң жолдағы жағдайды бақылай отырып, өзі жолақ ауыстырады.