VGV маркасы күзде Ресей нарығына шығады

Күзде көп адам біле бермейтін VGV Ресейде көлік саудалай бастайды. РБК берген мәлімет бойынша екі тарап келісімге қол қойыпты. Қытайлық компания кроссовер, пикап, шағын автобус және фургон ұсынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірше тек екі модель туралы мәлімет бар. Брендтің көрші елдегі ресми өкілі болатын «Новел Дистрибьюшн» фирмасы бастапқыда U70 Pro және U75 Plus кроссоверлерін сататынын хабарлады. Бір модельдің екі түрлі нұсқасы саналатын машиналардың түр-тұлғасы, артқы аспа құрылымы мен мотор гаммасы ұқсамайды.

 

Кроссовер эмблемасын елдегі құрылыс орындарында толып жүрген Sinotruk Howo жүк көліктеріндегі белгіге ұқсатсаңыз, қателескен жоқсыз. VGV — CNHTC-дің 2022 жылдан бері жеңіл машина шығарып жатқан бөлімі.

 

 

 

 

VGV U70 Pro

 

Кішірек U70 Pro 156 ат күшін беретін 1.5 литрлік турбомотормен жүреді, ал U75 Plus капотының астында 8 диапазонды қораппен жұмыс істейтін 2 литрлік (224 а.к.) қозғалтқыш тұрады. Екеуінде де толық жетек жүйесі жоқ.

 

Қытайда бұлардың бағасы 77.8 мың юань, яғни 5 млн теңгеден басталады. Ресейде 2 млн рубльге бағалануы мүмкін.

 

 

 

 

VGV U75 Plus

 

Күз ортасында пикап қатарға қосылады. Оның қалай аталатыны белгісіз, бірақ Ресейге 5 метрлік VX7 жол тартады деген болжам бар. Бұл жүк көлігі U75 Plus-пен бір платформаны бөліседі, моторы да сонымен бірдей болады.

 

Кейін топтама жолаушы таситын шағын автобус және коммерциялық фургонмен толығады. Биыл дистрибьютор 2 мыңға жуық автомобиль сатамыз деп отыр, ал 2024 жылы көрсеткішті 6 мыңға жеткізу жоспарда бар. Ерте ме, кеш пе, қытайлық VGV жылына 50 мың машина өткізетін дәрежеге жетеді екен.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста