Утиль алымы жаңа ереже бойынша төленеді

Утиль алымы жаңа ереже бойынша төленеді

Kolesa.kz редакциясы биыл мамырдың басында шенділерге утилизациялық алым төлеу ережесіндегі қайшылық туралы хабарлаған. Екі айға жуық уақыттан кейін ҚР Экология министрлігі құжатқа өзгеріс енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Енді импорттаушы Қазақстан аумағында сатылатын өнім үшін утиль алымын төлейді деген норма ережеден алынады. Жаңа ережеде Қазақстанға тауар (автокөлікті қамтиды) әкелетін азамат оны өзі пайдаланса да, сатса да алым төлеуге міндетті болады деп жазылады.

 

Сонда бұған дейін Қазақстанға өзі міну үшін көлік әкелген азаматтар ақшасын қайтарып алса бола ма? Негізі олар сол кезде өз әрекетін сотта дәлелдеп, мемлекетті утиль алымын алмауға мәжбүр етсе болар еді.

 

Сондай-ақ енді ережеде «утиль алымының мөлшері қоршаған ортаны қорғау органы бекіткен утилизациялық алымды есептеу әдістемесі негізінде өтініш берген кезде қолданыста болған тариф пен коэффициент бойынша бекітіледі», деп жазылады.

 

Екі ай бұрын осы жағдай азаматтардың наразылығын тудырған еді. Оның көбі шетелден көлік әкеліп, алым мөлшері 50 %-ға азаяды деп тіркетпей отырған. Бірақ «Жасыл Даму» белгіленген ережеге сүйеніп, жаңа тариф бекітілгенге дейін елге келген көлікке утиль алымы бұрынғы мөлшермен төленетінін айтты. Бұл мәселе министрлік араласқаннан кейін ғана шешілді.

 

Ережедегі тағы бір өзгеріс — электромобиль мен халықаралық тасымалда қолданылатын ершікті тартқыш үшін утиль алым төлеуге өтініш беру қажет болады. Негізі олар алымнан босатылған. Ережені әзірлеушілердің айтуынша импорттаушы машинаны тіркету үшін алым төленгені туралы анықтама қажет. Ал анықтама өтініш негізінде беріледі. Аталған құжатта көліктің утиль алымнан босатылғаны көрсетіледі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста