Toyota жаңа Crown седанын көрсетті

Toyota жаңа Crown седанын көрсетті

Super Taikyu жарысы кезінде Toyota жаңа топтаманың үшінші моделі — Crown седанының сериялы өндіріске дейінгі нұсқасын көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Дәл осы төрт есікті машина алдыңғы буынның ізбасары саналады. Бірақ компания Crown Sedan-ға дәстүрлі мотор орнатпайды, көлік гибрид және сутекті болады.

 

 

Өлшемі 5030×1890×1470 мм, дөңгелек базасы 3 метр болатын Crown Sedan топтамадағы ең үлкен көлік саналады. Сырт пішіні өзге Crown-дарға ұқсас стильде жасалған.

 

 

Crown Sedan техникалық тұрғыда топтамадағы өзге үш түрленімнен өзгеше. Кросс-седан мен хетчбэктің моторы көлденең орналасқан, алдыңғы жетекті болса, седандікі классикалық үлгіде орналасқан, артқы жетекті. Нақты қандай агрегат болатыны қазірше белгісіз.

 

 

 

 

Дөңгелек базасы үш метр болғандықтан артына кең диван орнатқан. Ол үш адамға арналған, бірақ Crown Sedan салонында үлкен ортаңғы тоннель бар. Сондай-ақ артқы қатарда қосымша функцияларды басқаруға арналған панелі бар жиналмалы шынтақ тіреуіш тұр.

 

Машинада сенсорлы батырма аз, есесіне Toyota үшін дәстүрлі физикалық батырмалар көп. Технологиялық жаңалық ретінде аспаптар панелі мен медиажүйеге арналған екі үлкен дисплейді айтуға болады.

 

Бұған дейін Crown Sedan екі түрлі күштік құрылыммен жүретіні белгілі болған — бірі ІЖҚ негізгі болатын гибрид, екіншісі Toyota Mirai-дан алған сутекті мотор. Биыл күзде гибрид нұсқасы нарыққа шығады. Алдымен Қытайда саудаға түседі. Crown былтыр қарашада аспан асты елінде жеке марка атанған.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста