Бұрын «тойота» не «лексус» алғандарға екі электронды кілт берілетін, енді клиенттер бір смарт-кілт пен бір механикалық кілт алады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Компанияның мұндай шешім қабылдауына жартылай өткізгіш элементтердің жетпей жатқаны ықпал етті.
Drom.ru таратқан ақпаратқа сүйенсек, шектеу әзірше Жапония нарығын ғана қамтиды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Toyota-ның Crown, Prius, bZ4X, RAV4 (PHEV), Harrier, Noah, Voxy, Lexus-тың LX, RX және NX модельдері бір электронды кілтпен сатылады.
Екіншісін кейін, микрочип саны жеткілікті болғанда алуға мүмкіндік бар.