Тарихтағы ең қуатты Range Rover Sport жарық көрді

Тарихтағы ең қуатты Range Rover Sport жарық көрді

Land Rover атауында SV белгісі бар ең қуатты Range Rover Sport-тың жаңа нұсқасын көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жол талғамайтын көлік BMW-ның 635 ат күшіне (750 Нм) ие 4.4 литрлік V8 моторымен жүреді. Range Rover Sport SV жаңа мотордан бөлек тағы бірнеше ерекше опциямен жабдықталған. Жаңа өнім кем дегенде 171 460 фунт (94 мн теңге) тұрады, бірақ қуатты Range Rover Sport-ты қазірше сатып ала алмайсыз.

 

Жаңа мотор қуаты алдыңғы буын Range Rover Sport SVR-дегі 5 литрлік V8-ден 60 ат күші мен 50 Нм артық. Жаңа өнім 4.4 литрлік 8 цилиндрлі битурбомотормен жүретін флагмандық Range Rover-ден де қуатты (+20 күш).

 

 

 

 

Жол талғамайтын көлік жылдамдығы небәрі 3.6 секундта сағатына 60 мильге жетеді, мұны кейбір суперкармен салыстыруға болады. Ең жоғары жылдамдығы — 290 км/сағ. Соған қарамастан ол сегменттегі ең жылдам машина емес. Мысалы, 659 ат күшіне ие Porsche Cayenne GT алғашқы жүздікті 3.3 секундта еңсеріп, ең жоғары жылдамдығын сағатына 305 шақырымға жеткізеді.

 

Range Rover Sport SV толық басқарылатын шасси және артқы осьтегі дифференциалмен жабдықталған. Мамандар модельге бейімді амортизатор мен пневматикалық элементтер бірге жұмыс істейтін жаңа аспа технологиясын орнатқан. SV нұсқаның клиренсі электрониканың жұмыс режиміне байланысты стандарт Range Rover Sport-тан 10–25 мм аласа болады.

 

 

Range Rover Sport SV — 23 дюймдік ірі карбон дөңгелек дискісі орнатылған әлемдегі алғашқы жол талғамайтын көлік. Соның арқасында автомобиль 36.5 келі жеңілдейді. Бұған дейін Range Rover-де болмаған 8 поршенді Brembo тежеуішінің арқасында көлік салмағы тағы 34 келіге азаяды. Бұдан бөлек карбон капот болады. Бәрін есептегенде, жаңа өнім әдеттегі «спорттан» 76 келі жеңіл болады.

 

 

 

 

Range Rover Sport SV-де жеңіл аэродинамикалық бастырық және газ шығаратын төрт келтеқұбыр болады. Салонда карбон материалдар мен жаңа беріліс қорабы селекторы бар. Бұдан бөлек бас тірегіші бар жаңа Body&Soul креслосын айтуға болады. Жол талғамайтын көлік креслосы музыка ырғағына сай тербелетін әлемдегі алғашқы сериялы автомобиль атанып отыр. Ол жасанды интеллект элементі бар арнайы бағдарламалық жасақтама көмегімен тербеледі. 29 динамигі бар Meridian аудиожүйесі жұмыс істейді.

 

Range Rover Sport SV-дің ерекше сәнді Edition One комплектациясы шығады. Мұндай машина сатылмайды, компания барлығын таңдалған клиенттерге таратады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста