Tank 500-дің қуатты гибрид нұсқасы шықты

Tank 500-дің қуатты гибрид нұсқасы шықты

Марка Tank 500-дің жаңа нұсқасын көрсетті, оның көлемі мен статусын Toyota Land Cruiser 300-бен салыстыруға болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Модель енді 3 литрлік V6-мен емес, 2 литрлік турбомотормен жүреді. Бұл жол талғамайтын көлікке пайдалы болды.

 

 

4 цилиндрлі қозғалтқыш 252 ат күшін береді. Қосымша электромотордың арқасында агрегаттың жалпы қуаты 408 ат күші мен 750 Нм моментке жетеді. Tank 500-дің 3 литрлік V6 моторы Қытайда 354 күшке ие, ал ресейлік нұсқасы 299 ат күшін береді.

 

 

 

 

Ресей нарығына арналған жол талғамайтын көлік 9.6 секундта жүзге дейін жылдамдық алады. Ал Tank 500 Hi4-T бұл көрсеткішті 6.9 секундта еңсереді. Сыйымдылығы 37.1 кВт·сағ батареяның арқасында машина электрлі режимде 110 км жол жүреді. Жалпы жүріс қоры 790 шақырымға дейін жетеді, әзірлеушілер бұл сегменттегі ең үздік көрсеткіш екенін айтты.

 

 

 

 

PHEV нұсқасы барлық жол талғамайтын ерекшелігін сақтап қалды. Жаңа өнім әдеттегі Tank 500 сияқты толық жетек жүйесі және дифференциалды бұғаттағыш жинағымен жабдықталған. Жалғыз айырмашылығы — клиренсі 10 мм төмен.

 

Қытайда Tank 500 Hi4-T-ге тапсырыс қабылдап жатыр, мұндай машина кем дегенде 360 мың юань (шамамен 23.77 млн теңге) тұрады. Гибрид те экспортқа шығуы мүмкін. Марка Tank 400-ге де осындай күштік құрылым орнатқан, бірақ оны жүріс қоры 100 шақырымнан аспайтын шағын батареямен жабдықтаған болатын.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста