Су жаңа Lexus TX: үш мотор және толық жетек

Су жаңа Lexus TX: үш мотор және толық жетек

Lexus өз топтамасындағы жаңа модель — TX кроссоверін көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ол ірі премиум кроссоверлер сегментінен орын алады. Жол талғамайтын көлік Toyota Grand Highlander-мен бір платформаны бөліседі. Бірақ техникасы мен жабдықталуы бөлек.

 

 

 

Lexus TX Luxury

 

Фотосуреттен Lexus TX шанағының біраз бөлігі «бауырына» келетіні байқалады, бірақ дизайнерлер оған өзгеше өң берген. TX сырттай Grand Highlander-ге де, басқа ірі «лексустарға» да ұқсамайды. Мамандар жақтаусыз радиатор торын, томпақ дөңгелек аркасын және жақсарған бүйірлік пластика орнатқан. Одан бөлек оптикасы жаңарды.

 

Салонда өзгеріс аз. Алдыңғы панелінің ортасында 14 дюймдік экран тұр, ортаңғы консоль жүргізуші жаққа сәл бұрылған, есік панельдері жаңа. Lexus TX үш қатарлы болады, ортаңғы бөлігінде тұтас бір кресло не бөлек орындықтар болуы мүмкін.

 

 

 

 

Компания мамандары Lexus TX-тің платформасын сәл жақсартқанын хабарлады. Шассиі қаттылау, жолтабаны жалпақ. Бұл дірілді азайтып, шудан оқшаулау үшін жасалған.

 

Автомобильдің көлемі — 5159×1989×1781 мм, дөңгелек базасы — 2949 мм. Демек модель АҚШ нарығында өзімен бәсекелес болатын Cadillac XT6-дан да, қазіргі Lexus LX 600-ден де үлкен. Жүксалғышының көлемі 569 литр болғанмен, екінші және үшінші қатардағы орындықтарды бүктесе, 2747 литрге дейін артады.

 

 

Кроссовердің TX 350 индексті базалық нұсқасы 279 ат күші мен 429 Нм момент беретін 2.4 литрлік 4 цилиндрлі турбомотормен жүреді. Агрегат 8 сатылы автоматпен және алдыңғы жетек жүйесімен жұмыс істейді. Бренд толық жетекті опция ретінде ұсынады.

 

Lexus TX 550h-тің тек F Sport Performance түрленімін сатады. Машина 6 сатылы қораппен жұптасқан 317 ат күшіне ие (554 Нм) турбомотор көмегімен қозғалады. Ал TX 550h+ нұсқасының бойында 412 арғымақтың күші бар, электр көмегімен жүріс қоры 53 шақырымға жетеді. Гибрид нұсқалардың барлығы толық жетекті болады.

 

 

 

Lexus TX 550h F Sport Performance

 

Жабдықтар тізімінде Safety System+ 3.0 деп аталатын көмекшілер кешені, 21 динамикті Mark Levinson акустикасы, рөлді және екінші қатарды желдеткіш пен жылытқыш бар.

 

350 және 550h нұсқасындағы Lexus TX-ті күзде алуға болады, ең қуатты түрленімі нарыққа кейін шығады. Машина негізінен Америка тұрғындарына сатылады, ал Еуропаға премиум бренд топтамасындағы ең шағын кроссовер атанған, ұзындығы 4.2 метрден аспайтын LBX жол тартады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста