Шетелдік көліктердің заңдастырылу тәртібіне қатысты шу шықты

Осыған байланысты бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жүргізушілер өз наразылықтарын білдірді. Қарағанды, Павлодар қалаларымен қатар, Шығыс Қазақстандағы жүргізушілер де базыналарын айтып, жауапты мекеме алдына жиналды. Айтуларынша, мұндай көліктерді елде рәсімдеу ісі басталғалы  арада бір ай өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтар айының аяғында басталған шетелдік көлікті заңдастыру жұмысына көңілі толмайтындар көбейді. Жүргізушілер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарын өткізген. Бірақ ондағылар түрлі сылтау айтып, түк бітірмеді  деп қапалы.

 

Шығыс Қазақстанда шетелдік номерлі нақты қанша көлік жүргені қазір белгісіз. Бүгінге дейін тек 7 жүздей автокөлік заңдастырылған.

 

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері автокөлікті қай елден әкелдің, сол елден мемлекеттік тіркеуден шығар  деген талап қоюда. Ал ол жүргізушілердің жанын қинауда. Өйткені, мына автомашинаның бұрынғы иесін табу қиын. Ал табылғандары дәл осы қызметі үшін қосымша бірнеше жүздеген мың теңге сұрауда. Себебі, Қазақстандағы жағдайды жақсы біледі. Сондықтан көлік иесі машинасынан айырылып қалмаудың қалайда қамын жасайды  деп түсінеді.

 

Ал полицейлер мұндай көліктердің кейбірі кепілде тұрғанын айтады. Сол жақта салығы төленбегендері де бар көрінеді. Ал күні кеше комитет отырысы өткен. Мәселе енді алдағы бір айда шешімін табады  деп, уәде берді.

 

"Қазір келісім сөздер жүргізіліп жатыр. Төрт ведоствомен, төрт минстрлікпен жүргізіліп жатыр. Үкіметтің қаулысына өзгерту кіргізілу керек. Сондықтан бұл бір айлық көлемінде уақыт керек. Мерзім ішінде шешіледі. Бәрі заңдастырылады", дейді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Әнуарбеков.

 

Алайда жүргізушілер бұл жауапқа толық қанағаттанбады. Әрі күдіктері басымдау. Десе де талайдан бері орталықтың табалдырығын тоздырып жүргендердің үзілгелі тұрған үмітін жалғағандай болды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста