Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады

ҚР ІІМ 11 қаңтарда «Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін кірген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерін қолдану қағидаларын, шарттары мен мерзімін бекіту және сондай көлік құралдарын әкелген жеке тұлғаларды өндірушілер (импорттаушылар) мен көлік құралдары санаттарының кеңейтілген міндеттемелерінен босату туралы» үкімет қаулысына қол қойылғанын хабарлады, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ереже арқылы ел аумағына былтыр 1 қыркүйекке дейін кірген көліктерді бастапқы тіркеу үшін сұралатын 200 мың теңге көлеміндегі алым сомасын қолдану, жеке тұлғаларды утиль алымын төлеуден босату тәртібі, шарттары мен мерзімі анықталады. Ол 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады.

 

Бүгін брифингте ҚР ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепёха заңдастыру процесі 23 қаңтарда басталатынын айтты.

 

Үкімет бекіткен ереже жеңіл автомобиль, шағын автобус және жүк көліктерін қамтиды. Оң рөлді автокөліктерді де заңдастырады. Негізгі шарт — машина іздеуде жүрмеген және бұрын тіркелген мемлекетте есептен шыққан болуы керек. Елге қай күні кіргенін шекарашылар мен мемлекеттік кіріс органдарының базасы арқылы анықтайды немесе Қазақстанда сақтандыру полисін рәсімдеген күнге қарайды.

 

Шендінің сөзінше заңдастыру — бірреттік науқан. Содан кейін тіркелмеген көліктер анықталып, иесі қатаң жазаланады.

 

Ішкі істер министрінің орынбасары заңдастыру мерзімі аяқталғанша оған сай келетін автокөліктер тіркелетін машина саналатынын атап өтті. Яғни оларды ел азаматтары 1 шілдеге дейін сақтандыра алады. Сол уақыт өткенше көлікті есепке қою керек, болмаса ел аумағынан шығарасыз. Сақтандырусыз жүргендер 10 АЕК ( 34 500 теңге) айыппұл төлейді.

 

И. Лепёха 1 шілде өтісімен «Заңды жүргізуші» рейді өтіп, тіркелмеген машиналар анықталатынын хабарлады. Оның айтуынша бұрын ІІМ-де елге келіп жатқан көліктерді қадағалау мүмкіндігі болмаған. Олар анықталған күнде де, әрі қарай қандай әрекет жасау керегі түсініксіз болды. Енді полиция жағдайды қолға алып, тәртіп орнатады.

 

Әкімшілік полиция комитеті Тіркеу басқармасының жетекшісі Әлібек Кеңесбаев өтінімді электронды үкімет порталы немесе арнайы ХҚКО-ға жүгіну арқылы беруге болатынын айтты. Мамандар құжат тексеріп, криминалдық есепте жоқ екенін анықтаған соң машинаны тексеріп, заңдастырады. Полицейлер көлік толыққанды тексерістен өтпейінше 200 мың теңге төлеуге асықпаған дұрыс дейді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста