Rolls-Royce 2022 жылы 6 мыңнан аса көлік сатты

Еуропадағы инфляция, соғыс және марка үшін маңызды нарық саналатын Ресейге көлік жеткізудің тоқтауы Rolls-Royce саудасына кері әсерін тигізе алған жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

118 жылдық тарихы бар автоөндіруші былтыр 6021 машина сатты. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы — 5586, ал 2011 жылы 3538 «роллс-ройс» иесін тапқан.

 

Марка АҚШ-та ең көп өтті, екінші орында Қытай тұр. Ұлыбритания мен Германияда да сатылым рекордтық деңгейге жетті. Азия-Тынық мұхит аймағы елдері мен Таяу Шығыста айтарлықтай өсім байқалды, аталған өңірде орташа бағасы жарты миллион доллардан түспейтін Bespoke желісінің арнайы түрленімдері сұранысқа ие.

 

Rolls-Royce Cullinan

 

Rolls-Royce әр модельдің қанша данасы өткенін хабарлаған жоқ, тек ең танымалы Cullinan кроссовері екені белгілі, одан кейінгі орында Ghost седаны тұр. Бұлар марканың ең арзан өнімдері, бағасы — 330–340 мың доллар, ал флагман Phantom седанының бағасы 450 мыңнан асады.

 

Клиенттер компанияның алғашқы электромобилі Spectre купесін де жылы қабылдады, оған зауыт жоспарлағаннан көп тапсырыс түсті. Алғаш болып алдын ала төлем жасаған азаматтар машинасын 2023 жылдың төртінші тоқсанында алады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста