Renault сырлы кроссовер дайындап жатыр
30 жылдан аса уақытта (1961–1994 жж.) 8 млн данасы шығып, Францияның ең өтімді көлігі атанған Renault 4-ті қайта жаңғырту туралы талай рет айтылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
90-жылдардың басындағы толық жетекті Renault R4 GTL Sinpar 4×4
Сөзден іске көшетін уақыт келген секілді, қазанның екінші жартысында өтетін Париж автосалонында аңыз машинаның R4 немесе 4ever деп аталатын ізбасары жарық көреді.
Сериялы R4 бұған дейін жарияланған тизердегі секілді сұсты көрінбеуі мүмкін. Назар аудартуға арналған бастырық, арка кеңейткіш және сыртқы табалдырық болмайды, дөңгелегі кішірейіп, клиренсі төмендейді. Бірақ қаласаңыз мұндай жабдықтың кейбірін опция ретінде алуға болады.
Renault R4 кроссовер және жеңіл коммерциялық фургон нұсқасында шығады. Жаңа өнім марканың электрлі модельдер топтамасында R5-тен жоғары, Megane eVision концептісінің сериялы нұсқасы Megane E-Tech-тен төмен тұрады.