Range Rover SV Lansdowne Edition

Range Rover SV Lansdowne Edition

JLR концерні Bentley мен Rolls-Royce деңгейіне жетуге ниетті. Range Rover Лондондағы ақсүйектер тұратын Мейфэйр ауданында орналасқан жаңа шоурумында SVO (Special Vehicle Operations) тюнинг бөлімі дайындаған Range Rover SV Lansdowne Edition «арнайы» моделін көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай машина алатындар оның жол талғамайтын қасиетінен гөрі сәулеті мен сән-салтанатына баса назар аударады.

 

Машина өзгеше сұр-көк металлик түске боялған, оның өзі екі реңкке бөлінеді — күңгірт Corris Grey Gloss көлік төбесі мен айна қаптамасын, ал ашығырақ Lansdowne Grey Gloss шанақ панелін бояуға арналған. 23 дюймдік дөңгелек дискісінің түсі — Corris Grey араласқан Black Satin.

 

 

 

 

 

Салонын палисандр ағашы және анилинді былғарымен қаптап, қара түсті анодты металл және күңгірт керамикамен әрлеген. Кілемшесі былғары мен мохерден жасалыпты. Жүксалғышта артқа бұруға болатын Tailgate Event Suite орындығы орнатылған.

 

Осы өзгерістердің арқасында автоөндіруші Range Rover SV Lansdowne Edition бағасын 250 мың фунт стерлингке бірақ көтерді. Бұл Ұлыбританияда 281 мың фунт тұратын Rolls-Royce Cullinan-ның бағасына жақындады, ал стандарт Range Rover-ді дилерлер мөлшермен 100 мың фунтқа сатады. Бірақ марка жанкүйерлерін бұл тоқтатқан жоқ, 16 данасы шығады деп жоспарланған Lansdowne Edition арнайы сериясы алдын ала сатылып кеткен.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста