Қытайда 2022 жылдың үздік қозғалтқышы анықталды
China Heart ұлттық сыйлығының қорытындысы шықты. Ұйымдастырушылар 2015 жылдан бері Қытай нарығындағы үздік он қозғалтқышты анықтап жүр. Биыл тізімге тек гибрид күштік құрылымдар еніпті. Нәтижесінде жергілікті өндірушілер үздік шықты, алғашқы ондықта шетелдік төрт агрегат қана бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Қытайлық Geely, BYD, Changan, GAC, MG және Tank мықтылар қатарынан көрінді. 1.5 және 2 литрлік іштен жанатын қозғалтқыш негізгі болатын шағын гибрид күштік құрылымдар жоғары бағаланды. Ұйымдастырушылар үздік моторды жалпы қуаты, жанармай тұтыну мөлшері және жүріс қорын ескере отырып таңдады.
Geely BHE15-EFZ моторы Geely Emgrand L Hi-X гибрид күштік құрылымының құрамында қызмет етеді. Отын шығыны — 100 км-ге 3.8 л
Топ-10 тізімге сериялы күштік құрылымдар ғана енді. Мысалы, жаңа Geely Coolray, Changan Uni-V лифтбегі, GAC Emkoo кроссовері және MG 7 седанына (SAIC концерні) орнатылған моторлар.
Ұйымдастырушылар қытайлық гибридтер арасында Tank 500-дің моторы ең үлкен екенін айтады. Оны гибрид деп атаудың өзі қиын, жол талғамайтын көліктегі 3 литрлік V6 толық электромотормен емес, стартёр-генератормен бірге жұмыс істейді. Агрегат 360 ат күші мен 500 Нм береді.
Tank 500
China Heart 2022 жүлдесінің үздіктер тізіміне енген шетелдік маркалар — Volvo, Mercedes-Benz, Volkswagen және General Motors.