Қуатталып жатқан электромобиль жарылып кетті

Қуатталып жатқан электромобиль жарылып кетті

5 маусым күні таңғы уақытта Милл-Вэлли қаласындағы Electrify America қуаттау бекетінде тұрған Rivian R1T тұтана бастаған. Өрт сөндірушілер жеткенде электропикап жарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ.

 

Машинаның тұтануына не себеп болғаны белгісіз, сарапшылар әлі тексеріс нәтижесін жарияламады. Бірақ өрт қуат портына жақын жерде бастау алғаны көрініп тұр. Демек резеткі мен штепсель түйісетін жерде ток қысқа тұйықталған болуы мүмкін.

 

 

Rivian өкілдері Carscoops басылымына оқиға туралы білетіндерін және тергеу жүріп жатқанын айтыпты. Олар пикаптың батареясына кінә артуға әзірше еш себеп жоқ деді. Ал Electrify America мүлде жақ ашпай отыр.

 

Өкінішке қарай келеңсіз жағдай Rivian-ның беделіне теріс ықпал ететіні анық. Соңғы кездері компанияның басынан бұлт арылмай жүрген еді, енді акциялары беделді Nasdaq 100 индексінен қағылуы мүмкін. Сонымен қатар бұл жағдай АҚШ-та күн санап көбейіп жатқан қуаттау бекеттерінің қауіпсіздік деңгейіне биліктің назарын аударуға себеп болды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста